Облыс орталығындағы Абылай хан алаңында әсерлі шара өтті.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, бұл шара жастардың домбыра тартуымен әдемі өрбіді. Ал, алғаш рет ұйымдастырылған кеш халықты көтеріңкі көңіл күйге бөледі.
Мәдени шара облыстық филармонияның әншілері Аслан Мұхамедяров, Сәрсенбай Хасенов, сондай-ақ, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі мен
Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжінің түлектері Амандық Батай, Нұрбек Тұрысхан, Бахтияр Төлеубай «Жорғатай», «Гүлдариға», «Елім менің», «Үкілі қыз», «Тау ішінде» атты халық әндерін орындап, кеш көркін қыздыра түсті.
Ұлттық құндылығы-мызды, салт-дәстүрімізді дәріптейтін мұндай іс-шараларды өткізу алдағы уақытта да жоспарлануда.
Ақерке ОРАЗ.