Облыс әкімі Сергей Кулагиннің ораза айымен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді қасиетті Рамазан, мұсылман қауымының ораза айымен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айында әлемнің барлық мұсылмандары өз жүректерін тіршіліктегі кірбіңнен тазартып, таңғы шықтай мөлдіреген тап-таза күйге енеді. Бұл мереке болашаққа деген сенімді нығайтып, күшті арттырады. Оның үстіне төңірегіндегі жапа шеккендер мен қайырымдылықты қажет ететіндерге мейірім шуағы молая түседі. Қонақжайлылық пен жомарттықтың арнасы кеңиді.
Біздің халқымыз өздерінің өмір тәжірибесі арқылы ислам дінінің бірлік пен берекені, ынтымақ пен ізеттілікті молайта түсетіндігін көріп жүр. Еліміздегі қасиетті Рамазан айы мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіре түседі. Қазақстан халқы өзінің туған жеріне деген махаббаты мен даналығымен, еңбексүйгіштігімен, аға буынға деген шынайы құрметімен, бір-біріне деген көмек-жәрдемімен ерекшеленеді. Біздің тәуелсіз еліміз өзінің аса зор рухани байлығы, ғажайып тарихы және мәдениетімен, діни дәстүрлерімен мақтана алады. Замандастарымыздың бойындағы осындай асыл қасиеттерді дамыта отырып, мәдени және діни дәстүрлердің тамырын тереңге жіберу арқылы ел іргесін берік бекемдейміз.
Құрметті жерлестер! Осы бір қасиетті күні барлық ақмолалықтарға рухани күш, зор сенім, табыс, мықты денсаулық, бақыт пен бақуатты тұрмыс тілеймін. Қасиетті ораза айы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыра түссін. Шаңырағымызға ауызбірлік пен дәулет әкелуге жазсын.    

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Баршаңызды ислам күнтізбесіндегі қасиетті ай – Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын. Ораза мұсылмандардың басты парыздарының бірі. Бұл ай адамдарды ізгілікке үндеп, мейірімділік жасауға шақырады. Қайырымдылық істерге де  ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемнің жетекші мұсылман мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатып, ислам қауымдастығының белсенді бір мүшесіне айналды. Елімізді мекен еткен жүзден астам ұлт өкілдері қасиетті Отанымыздың одан әрі гүлденіп, өсіп-өркендеп, бірлігімізді нығайтып, ынтымағымызды жарастыруға өз үлестерін қосып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтып, рухани және мәдени дәстүрлерімізді жандандыру біздің басты мақсатымыз екенін айтумен келеді. Бір шаңырақтың астында бір-бірімізге деген ыстық ықыласпен өмір сүргенге не жетсін.
Бұл қасиетті ай әркімнің отбасына ізгілік пен мейірімділік әкеліп, еліміздің тыныштығын сақтап, гүлдене беруімізге дәнекер болады деген сенімдеміз.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар