Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!
Дәрігерлік мамандық басқа мамандықтардың ішіндегі ең бір игіліктісі. Өйткені, ұлт пен ұрпақтың денсаулығы қашанда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегияларының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Ақ халатты абзал жандар үшін адам денсаулығына жауапкершілікпен қарап, кез-келген уақытта медициналық көмек көрсету абыройлы міндет. Сіздердің жұмыстарыңыз қажырлы еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Осы мерейлі мерекеде облыстың денсаулық сақтау саласында қажырлы еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне ризашылық білдірудің зор мүмкіндігі туып отыр. Биылғы жылы медицина қызметкері күні
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадамын» жүзеге асыру барысымен тұспа-тұс келді. Бұл саяси маңызды құжат «Қазақстан — 2050» Стратегия-сын жүзеге асырып, мемлекетіміздің қиын кезеңдерден сүрінбей өтуіне жол ашпақшы.
Президентіміздің алдымызға қойған стратегиялық басым бағыттарын жүзеге асыруда «100 нақты қадам» денсаулық сақтау саласының дамуына да игі ықпалын тигізеді. Осы орайда, денсаулық сақтау саласы жүйесі оң қарқынмен дамып, мемлекеттік медициналық көмекті оңтайландырудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылатынына зор сенім артамын.
Біздің бүгінгі басты мақсатымыз – Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындау. Жыл өткен сайын денсаулық сақтау саласында көптеген жұмыстар жүргізіліп, оған бөлінетін қаражат мөлшері де артып келеді. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда сала бюджетінің көлемі 1,3 есеге өскен. Ал, емдеу мекемелері заманауи құралдармен жабдықталып, диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдерімен жұмыс істеуде. Медициналық мекемелерді салып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын да табысты жүзеге асырудамыз.
Осы орайда, облыстың денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің баршасына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге осынау мереке күні мықты денсаулық, бақыт, отбастарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.
Құрметті денсаулық сақтау
саласының қызметкерлері!
Сіздерді атаулы кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың денсаулығы елдің дұрыс дамуының және оның әл-ауқатының басты шарттары болып табылатынын әрдайым айтып отырады.
Біздің облысымызда денсаулық сақтау жүйесі тұрақты нығайып келеді. Жаңадан емдеу мекемелері тұрғызылып, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге емдеу мекемелері заманауи медициналық техникалармен, көліктермен, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп отыр. Елімізде заманауи медициналық аппараттарды меңгеріп, қазіргі заманғы стандарттарға сай еңбек етіп жүрген азаматтардың қатары көбейіп келе жатқандығы да қуантады.
Құрметті ақ халатты абзал жандар! Сіздердің кәсіптеріңіз әрқашан ізгілікпен, тектілікпен ерекшеленіп, арнайы білімді, жоғары кәсіби шеберлікті, емдеудің әдістері мен қабылдауларды үнемі жетілдіріп отыруды, алдарыңызға келген науқасқа мейірімділікпен қарауды қажет ететін жауапкершілік жүгі мол мамандық. Сіздердің осы төл мерекелеріңізде облыстың депутаттық корпусы атынан адамдардың игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріңізге шынайы алғысымызды білдіремін. Халық денсаулығы үшін күресіп жатқан әр күндеріңіз толайым табыстарға толы болғай.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.