Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайым-дылығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2015 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып өтті және БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
– Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметі арқылы ортақ қазақстандық біртектілікті қалыптастырады, патриотизмді нығайтады және қоғамды ұйыстыра түседі. Елде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалар мен Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында ұсынған ауқымды экономикалық жоспарларды жүзеге асыру аясында бұл айрықша маңызды, – деп атап көрсетті қоғамдық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы бүгінде елдің алдына тұрған саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты орындау көп жағдайда қоғамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты екенін, ал оған ықпал етуде отандық БАҚ маңызды рөл атқаратынын айтты.
– Мемлекет талантты журналистерге және батыл ақпараттық жобаларды жүзеге асыру ісіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Осындай қолдаудың маңызды бір тетігі жыл сайын Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау болып саналады, – деді қоғамдық комиссия төрайымы.
Биыл қоғамдық комиссияның қарауына 81 ұсыным берілді, атап айтқанда, оның 64-і журналистерге, 17-сі шығармашылық ұжымдарға қатысты. Бұл ретте 29 ұсыным баспасөзден, 44 ұсыным электрондық БАҚ-тан, 8 ұсыным белгілі бір БАҚ атынан ұсынылмаған жеке үміткерлерден келіп түсті.
Қоғамдық комиссия отырысы барысында журналистердің материалдарының деңгейінің жоғарылығы, сондай-ақ баспасөздің Қазақстан дамуының маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап көрсетудегі үлесі атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша, БАҚ саласындағы президенттік марапаттарды тағайындау ережесіне сәйкес, қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне екі сыйлық беру, екі грант тапсыру және төрт шығармашылық ұжымға Президент Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным жасауға бірауыздан қаулы қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар