Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел мүддесі бәрінен биік тұруы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Ел мүддесі бәрінен биік тұруы тиіс

 Нұржан  Исақов,
Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

  Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаев өзінің «100 нақты қадам»  атты ұлт жос-парында  мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру аса маңызды екенін айтқан еді. Қазіргі жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беріп, жаңа жағдайда дамыған елдердің қатарына қосылуымыз үшін мемлекеттік органдарға үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі.

 Бүгінгі өтпелі кезеңнің қиындықтарынан ойдағыдай өтіп, әлемдік экономикаға одан әрі кірігуге, елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға  және қазақстандықтардың әл-ауқатын сапалы жақсартуға бағытталған жаңа мақсаттар  қойып отырғандығының астарында осы жайлар жатыр.
Бұл жағдайда экономиканың өсуі мен қоғамның демократиялану бағытынан таймауын қамтамасыз етудің басты факторы ретінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі ерекше маңызды болып табылады.Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан ел басқарудың командалық-әкімшілік жүйесінен нарықтық экономикаға бейімделген  жаңа әкімшілік-басқару моделі  дамыған мемлекетке айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының 16 сессиясында  біздің мемлекеттілігімізді нығайтатын 5 институционалдық  реформаны анықтап берген еді. Олардың бірі – экономикалық бағдарламалар мен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ететін  бүгінгі күнге сай, кәсіби және дербес мемлекеттік аппарат құру.
Ұлт Көшбасшысымен  белгіленген  «100 нақты қадамды» жүзеге асыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалауды жаңа деңгейге көтереді. 100 қадамның 15-і мемлекеттік аппараттың кәсібилігін түбегейлі арттыруға бағытталған. Бұл мемлекеттік қызметтің  беделі мен абыройын биіктететін  кәсіби белестерді бағындыруға талпындырады. Сондықтан,  осы реформалар мемлекеттік қызметшілерге жауапкершіліктің жаңа міндетін артып отыр. Яғни, мемлекеттік аппаратта еңбек ететін әрбір адам  «100 нақты қадамды» жүзеге асырудағы үлесі үшін және оған сеніп тапсырылған жұмыс учаскесінде олардың орындалуы-на жеке жауап беруге дайын болуы тиіс.
Мемлекет басшысы өзінің халыққа және қоғамға тынбай қызмет етуімен, қазақстандықтардың игілігі үшін жасап жатқан еңбегімен  бізге биік жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп отыр. Бүгін мемлекеттік басқару органдарының, әрбір мемлекеттік қызметшінің алдында Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттерінің қатарына кіруін қамтамасыз ету міндеті тұр. Оны орындау үшін біз кәсіби мемлекеттік қызмет қалыптастыруымыз қажет. Президенттің алға қойған міндеттерін орындауды  отансүйгіштік және азаматтық борышымыз деп санауға тиіспіз.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекет дамуының қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі уақытта оларды әлеуметтік қорғау мен ынталандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу түбегейлі өзгереді. Ол мемлекеттік қызметшінің жұмысында қол жеткізген нәтижелеріне  негізделетін болады және қосымша аймақтық түзету коэффиценттері енгізіледі. Ротацияланған мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қызметшілерді ұдайы оқыту жүйесі заңнамамен қарастырылады.
Елімізде мемлекеттік қызметші күнінің белгіленуі де  тегіннен-тегін емес. Кәсіби мерекенің тарихы 2002 жылдың 20 желтоқсанынан басталады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 57 сессиясында 23 мау-сым күнін БҰҰ «Мемлекеттік қызметші күні» деп жариялау туралы қарары қабылданған болатын. Бас Ассамблея БҰҰ мүше елдерді әрбір мемлекетте осы күнді кәсіби мереке ретінде белгілеуді ұсынды.
Осылайша, 2013 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына Қазақстан Республикасында 23 маусымды – Мемлекеттік қызметші күні деп жариялау туралы өзгеріс енгізілді.
Сонымен қатар, Елбасының Жарлығымен  «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі бекітілді. Онымен 15 жыл мінсіз қызмет атқарған және мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер наградталады. Ағымдағы жылы 5 ақмолалық осы жоғары марапатқа ие болмақ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті атынан  облысымыздың барлық мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Халыққа қызмет ету жолында да қызметіміздің жемісті бола беруіне шынайы тілектестігімді білдіргім келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар