Несие серіктестіктері: аяқ алыстары қалай?..

 Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен  Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында несие серіктестіктері қызметкерлерінің облыстық конференциясы өтті.

  Конференция жұмысына аудандық әкімдіктердің мамандары, облыстық басқарма басшылары, «Даму» қоры, лизингтік компаниялар, халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Шарада ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру мәселесі сөз болды.
Конференцияны облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров ашып, жүргізіп отырды.

Өңірде 2001 жылдан бастап, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен құрылған ауылдық несие серіктестіктері тәрізді өңірлік қаржы институттары жұмыс істейді.
–Ауылдық несие серіктестіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің барлық санатын, оның ішінде ұсақ шаруашылықтарға несиенің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін қаржы ұйымы болып табылады. Бүгінгі күні облысымыздағы 17 ауданда осындай 18  ауылдық несие серіктестігі ашылған. Олардың 600 қатысушысы бар және жарғы капиталы 900 миллион теңгені құрап отыр,–деді Қадырхан Отаров.
Алайда, бүгінгі таңда аталған ауылдық несие серіктестіктерінің барлығы бірдей толыққанды жұмыс істеп отырған жоқ. Олардың ішінде Бурабай ауданындағы «Оқжетпес» ЖШС және Зеренді ауданындағы «Еңбек Несие» ЖШС несие серіктестіктері бар. Аталған серіктестіктердің жұмысының кері кетуіне «Богви» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің банкорт болуы себеп болған. Қазіргі кезде, құжаттар «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының проблемалық несие бойынша депарментінде жатыр.
Жалпы, ауылдық несие серіктестіктері құрылғаннан бері көлемі  21 миллиард теңгеден астам 1931 несие берілген екен. Ағымдағы жылдың бес айының өзінде  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 1,7 миллиард теңгенің 160 несиесіне қол жеткізген. Сондай-ақ, «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша  жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрайтын бірыңғай несие желісі ашылған.
Сонымен қатар, конференция барысында баяндама жасаған  «Агроөнеркәсіптік кешені несие серіктестіктері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Төлеутай  Рахымбеков,  «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының кеңесшісі Бауыржан Касенов, Қазақстан фермерлері қоғамының президенті Әуезхан Даринов, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының департамент директоры Әлмира Сағатова және өңірдегі бірқатар ауылдық несие серіктестіктері басшыларының пікірлері тыңдалып, аталған саланы дамыту стратегиясы ұсынылып, мемлекеттік органдарға нұсқаулар жасалды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар