Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табысты маусым - АРҚА АЖАРЫ

Табысты маусым

 Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Ақмола облыстық орыс драма театрының 38 маусымының жабылу салтанатына қатысып, көрермендерді сәтті қойылымдарымен тәнті етіп жүрген өнер ордасы ұжымына алғыс білдіріп, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

  Ақмола облыстық орыс драма театрының кезекті 38 маусымының шымылдығы Александр Гриннің повесінің негізгі желісі бойынша жазылған П.Морозовтың «Алые паруса» музыкалық
феериясымен жабылды. Аталмыш қойылым көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде «2014-2015 жылдың ең үздік спектаклі» болып таңдалып алынған. Қойылымның режиссері – Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Ольга Луцива, қоюшы суретшісі – Наталья Менщикова.   
Орыс халқының ұлы классигі Александр Гриннің қай шығармасын алсаңыз да, өзіндік қайталанбас арманға толы әлемімен ерекшеленіп тұрады. «Алые паруса» повесі үміт пен сенімнің ақталып, арманның шын орындалатынын суреттейтін әдемі ертегі. Міне, осы бір ерекше сезім мен арман, қиялдан туындаған автор шығармасын театр ұжымы асқан шеберлікпен сахналап, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.
– Биылғы жылы мерекелік даталар көп. Солардың ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры, қазақтың біртуар перзенті Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуы ақмолалықтар үшін ерекше оқиға. Міне, осы мерекелердің құрметіне орай өнер ұжымының халық назарына ұсынған «Ночные ведьмы» қойылымын тамашалағанда, көзіне жас алмаған жан болмаған шығар. Қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың ерлігі суреттелген спектакльді сахналап, көрерменге жол тартқан сіздерге алғысымыз шексіз, – дей келе облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов шығармашылық ұжымға табыс тіледі.
Алдағы уақытта театр ұжымы 500-ден астан әлем театрлары қатысуға өтініш білдірген Екатеринбург қаласында өтетін халықаралық фестивальге қатысуға жолдама алыпты.  
– Шынымен де аталмыш фестивальге қатысуға өтініш білдірген театрлар көп болды. Бірақ, оның ішінен ұйымдастыру алқасы 24 театрды ғана іріктеп алды. Оның ішінде біздің де ұжым болғанына шын қуаныштымыз, – деп атап өтті өз сөзінде Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев.
Сонымен қатар, өнер ұжымының биылғы жаңалығы ретінде кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған «Топ Топычтың» «Киндер-театр» деп аталатын қуыршақ театрын атап өтуге болады.  
Қойылым соңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева театрдың үздік әртістері мен қызметкерлерін, сондай-ақ, өнер ордасының демеушілерін Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Ырысалды ШАМШИЕВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар