Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасы

 Байсуат ауылында салынбақшы

  Бұл кәсіпорын еліміздің ауыл шаруашылығындағы ең ірі жоба болып табылады. «Айтас» компаниялар тобы  Қазақстан Рес-публикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және облыстық әкімдіктің қолдауымен құс фабрикасының құрылысын бастамақ. Аталған компания Өскемен құс фабрикасының дәстүрін жалғастыратын болады. Сондай-ақ, бұл жобаны жүзеге асыру барысында «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» сынды мемлекеттік бағдарламаларға қатысу көзделген. Кәсіпорынның өндірістік  қуаттылығы жылына тірі салмақта 60 мың тонна бройлерді құрамақ. Ілкімді жобаның жалпы құны
32 миллиард теңге. «Айтас» компаниялар тобының құрылтайшысы Серік Толықпаевтың сөзіне жүгінсек, құс фабрикасын пайдалануға берудің арқасында жаңадан 700  жұмыс орны ашылады. Одан қалды ауданды электр қуатымен және ауыз сумен жабдықтау жүйесі жақсара түседі деп күтілуде. Барлық  инфрақұрылымдар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асырылады.
Негізі, кәсіпорынның құрылысы екі кезеңге жоспарланған. 2017 жылдың қазанында  қуаттылығы 30 мың тонна болатын желі мен 2019  жылдың
маусымында жылына  60 мың тонна өнім беретін желіні іске қосу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы барлық ғимараттардың іргетасы қаланып, алдымен инкубатор, қалдықтарды өңдеу бойынша бөлім, бройлерді өсіру үшін 6 тауық қорасы бар
8 алаңқайдың құрылысы қолға алынбақ. Әрі қазіргі заманғы экологиялық таза өнім алуға негізделген қондырғылар сатып алынады. Екінші кезеңге 48 тауық қорасының құрылысын салу, құстарды өңдеу зауытына қосымша қондырғыларды сатып алу көзделген. Белгіленген жоспарға сәйкес 2015 жылы 1 миллиард теңге игерілмекші.
Облыс басшысы әлеуеті зор жобаны құптап, бұл республикалық деңгейде маңызды да ауқымды бастама екенін жеткізді.
– Біздің облыс  Астана қаласын ұн, май, етпен қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда. Сол себепті, болашақ Макинск құс фабрикасының  пайдасы мол болмақ. Яғни,  Елордаға тасымалданатын азық-түліктің көлемі арта түспек. Қай жағынан алсаң да бұл жобаның артықшылығы мол. Тек сол мүмкіндіктерді пайдаланып, сүбелі нәтижелерге қол жеткізу маңызды. Сонымен бірге, жеткен межеге тоқмейілсімей кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін батыл қадамдар жасауға ұмтылу қажет, – деді Сергей Кулагин.
Ал, құс фабрикасының алғашқы қазығын қағуға қатысқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров өз сөзінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мал және құс шаруашылығына айрықша назар аударылатынын атап өтті. Сол себепті, осындай жобалар мемлекет тарапынан  қолдауға ие болып, ел экономикасының  дамуына септігін тигізетінін  де баса айтты.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта «Айтас» компаниялар тобы  облыста қуаттылығы сағатына 30 тонна болатын жем-шөп дайындау зауытын іске қосуды жоспарлап отырған екен.
Ырысгүл АШУОВА.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар