Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмыс соңы – жаза - АРҚА АЖАРЫ

Қылмыс соңы – жаза

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығында журналистердің қатысуымен брифинг болып өтті.

Аталған департаменттің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дулат Омаров облыстағы криминогендік ахуалға тоқталып өтіп, жыл басынан бері ұйымдасқан екі қылмыстық топтың жетекшілері ұсталғанын мәлімдеді. Ресей әскерінде қолданылатын бесатарды сатпақ болған 20-25 жастағы Көкшетау қаласының үш азаматы да қолға түскен. Сондай-ақ, бопсалауға қатысты 35, алаяқтыққа  қатысты 42 және азаматтарды заңсыз қамауда ұстау фактілері бойынша 32 қылмыстық іс қозғалған. Қыз-келіншектерді жезөкшелікке мәжбүрлеу, ақша үшін бейкүнә жандарды бопсалау оқиғалары да азаймай тұрған көрінеді. Брифингте Бурабай ауданындағы кәсіпкерді ұрлап кету  фактісі  кеңінен сөз болды. Бұл іске кінәлі адам қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалып, оның басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр. Иә, «ақша қолдың кірі» десек те, кейбіреулер үшін көк қағаздың адам өмірінен артық болып тұрғанын осы бір мысалдан-ақ көруге болады.  
Өкінішке орай, қылмыстың бұл түрі жиілеп кеткенін полиция подполковнигі Дулат Омаров та кездесуде айтып өтті. Өткен жылы он екі, биыл екі адам департаментке өміріне қауіп төніп тұрғандығын айтып арыз жазып, тәртіп сақшыларының өздерін тәулігіне жиырма төрт сағат бойы қорғап жүруін сұраған. Брифинг барысында ұйымдасқан қылмысқа байланысты басқа да мәліметтер келтіріліп, тілшілер  толғандырған сауалдарына жауап алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар