Зейнетақы қорын біріктіру аяқталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің облыстық филиалында  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бо-йынша 2014 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылған баспасөз мәслихаты  болып өтті.

Басқосуда облыстық филиалдың басшысы Аяш Кеншінбаева барлық зейнетақы автивтерін біріктірудің негізгі кезеңі аяқталғанын айтып өтті.  Зейнетақы активтерін  бір қорға өткізу бекітілген қатаң кестеге сәйкес жүргізіліп отырған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылымы өзгертілсе де, ең басты қағидаттары сақталыпты. Яғни, зейнетақы шотындағы ақша салымшының меншігі болып табылады. Барлық салымшылар аталған қағидаттарды қордың жеке парақшасына кіру арқылы біле алады.
Өткен жылы  қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 784,4 миллиард теңгеге өскен. Соның ішінде, салым-шылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 234,4 миллиард теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын мониторингілеу бөлімінің басшысы Вероника Немешованың айтуынша, өткен жылы 26 мыңнан астам жаңылыс шоттар болған. Соның, 15 мыңы тексеріліп, қалпына келтіріліпті. Бұл әртүрлі себептерге байланысты орын алуы мүмкін. Мәселен, салымшы басқа елге көшіп кетсе  немесе қайтыс болса. Сондықтан, әр салымшы шоттарын бөлімшелерге келіп, еркін тексере алады.
Қор көрсетілетін қызметтер сапасын халықаралық деңгейге жеткізу үшін  қызмет көрсету жүйесін дамытып келеді. Оның бір мысалы, ағымдағы жылы салымшылар өз зейнетақы жинақтарын электронды үкімет порталынан тексеруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, электронды пошта және қордың  жеке  парақшасына кіріп те білуге болады. Сөйтіп, қор зейнетақы жүйесіне деген сенімділік пен азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс істеуде.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар