Ата-ана мейірімі керек

Аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысында жетім және қамқорлыққа алынған балалары бар отбасыларына көмек-қолдау көрсету жөнінде мәселе талқыланды.

Сондай-ақ, күн тәртібінде партияның Сайлауалды тұғырнамасы мен «Бақытты балалық» әлеуметтік жобасының жүзеге асырылу барысы сөз болды. Халық қалаулылары ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалардың жайын айтса, аудандық білім бөлімінің өкілдері аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Мәселен, ауданда әке-шешенің мейіріміне зәру 40 бүлдіршін өзге отбасылардың қамқорлығына алынған. Соңғы үш жылда 15 бала ата-аналарына соттың шешімі бойынша құқықтары қайтарылуына және басқа да жағдайларға байланысты өз отбастарына қайта оралған.
Аудандық мәслихаттың депутаттық фракциясының жетекшісі Анатолий Мальков жетім және қамқорлыққа алынған балалары бар отбасыларына қолдау көрсету «Нұр Отан» партиясының ұдайы назарында екендігін айта келе, осы бағытта алда да тынбай жұмыстар жүргізу қажеттігін еске салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар