Көкшетау қалалық әкімдігінде Еуропалық даму және қалпына келтіру банкімен бірге іске асырылатын пилоттық жобалардың мән-жайы туралы мәжіліс өтті.
Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің, Астана қаласы мен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи монополиялар субъектілерінің басшылары, Еуропалық даму және қалпына келтіру банкінің өкілдері қатысты.
Ағымдағы жылдың 5 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Табиғи монополия-лар және реттелетін нарықтар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Аталған заң мамырдың 17-інен бастап қолданысқа енгізілді.
Осы орайда, Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, аталған заңнамаға енгізілген бірқатар түзетулер коммуналдық саладағы істің нақты жағдайын ескереді және жылу, су, электр энергиясы аясындағы субъектілердің – залалдылығын, кемшіліктерді жоюға және осы көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шағымдарын болдырмауға бағытталған.
– Субъектінің қызметін жеңілдету, дамытуға міндетті пайда салымы және коммуналдық сапалы көрсетілетін қызметтер арқылы монополистермен тұтынушының өзара қатынастарын сипаттауға болады,–дейді Серік Жұманғарин.
Мысалы, табиғи монополия-лар субъектілерінің қызметін жеңілдету шеңберінде былтырғы жылы тұтынушылық бағалар индексінің шегінде тарифтерді дербес көтеруге құқылы, қуаттылығы шағын субъектілерге жатқызылатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесі кеңейтілетін болады.
Субъекті үшін, даму және пайдалылық тұрғысынан алғанда, жаңа технологияларды қолдануға, нормативтік-техникалық шығындарды төмендетуге байланысты үнемдеу нәтижесінде туындаған, сондай-ақ, тендер нәтижелері бойынша тарифке есептелген шығындардың пайдаланылмаған бөлігіне ие болу мүмкіндігін ұсыну маңызды болып табылады.
Үнемделген қаражаттың екінші жартысын өндірістік активтерді кеңейтуге және жаңартуға жіберу міндеттілігі көрсетілетін қызметтің сапасына әсер ететін болады. Реттелетін қызметтерге жатпайтын өзге қызметтерді жүзеге асыруға тыйым салынудың 2017 жылғы
1 қаңтардан бастап алынып тас-талуы есебінен субъектінің «табыс табуға» қосымша мүмкіндік бермекші. Инвестициялық бағдарламалардың орындалуына күшейтіліп, бақылау жүргізу (ТМС — кәсіпорнында тарифте белгіленген жағдайларды жақсарту бойынша іс-шаралар) тұтынушылардың мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Осылай, көрсетілетін қызметтер стандарттары, сондай-ақ субъектілердің тұрақты талдана отырып, көрсетілетін қызметтерінің сапалық және сенімділік көрсеткіштері енгізіледі.
– Заңнамаға тарифтік реттеу-де және сыбайлас жемқорлық факторларын төмендететін бірқатар түзетулер енгізілді,–дейді Серік Жұманғарин. Сонымен қатар, осы түзетулер пакеті тарифтік реттеудегі нағыз теріс сәттерді, тұтынушылардың және субъектілердің өздерінің тілектері мен ұсыныстары ескеріле отырып, әзірленгені де айтылды.
Ал, Еуропалық даму және қалпына келтіру банкінің өкілі Бахтиер Файзиев болса, Ақмола облыстық әкімдігімен және қала инфрақұрылысы кәсіпорындарымен тығыз жұмыс істейтіндерін жеткізді. Сондай-ақ, ол қаржы институтымен қолдау көрсетіліп отырған жылумен, сумен, электрмен жабдықтау, су жіберу және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, жоюмен қамтамасыз ету бағытындағы ресурс үнемдеу технологиясы қолданылатын басты салдарды атап өтті. Сонымен қатар, ол Еуропалық даму және қалпына келтіру банкінің жоғарыда аталған салада жұмыс істейтін, қызмет көрсететін кәсіпорынның мемлекеттік немесе жекеменшік болғанына қарамастан, онымен әріптестік қатынас орнатуға дайын екенін алға тартты.
Аслан ОСПАНОВ