28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

 Қымбатты достар! Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

  Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Біздің елімізде кәсіби мерекелер аз емес. Әйтсе де, бұл атаулы күнге деген көзқарас ерекше. Өйткені, бұл сәт ерен еңбегі соншалықты қажетті әрі өзге ешбір маңызды шаруамен салыстыруға келмейтін кәсіп иелерінің төл мерекесі.
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні кәсіби журналистердің, ойлы оқырманның және көзі қарақты көрерменнің мерекесі. Бұл күн еліміздегі және аймақтағы, қалалар мен ауылдардағы, тіпті көрші көшедегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтын, көкірек көзі ояу адамдардың, біздің Отанымыздың шын мәніндегі патриоттарының мерекесі. Облыста әртүрлі 99 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Олардың 80-і  баспасөз, 19-ы электронды ақпарат құралдары. Біздің аймақта республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының 23 меншікті тілшісі жемісті жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының үлес салмағы 54 пайызды құрайды. Уақыт талабына сай мемлекеттің бұл салада тәуелсіз басылымдар бейнесіндегі лайықты бәсекелесі бар. Біз облыстағы журналистердің аға буынының қаншалықты ауыр жүкті өз иықтарымен көтере білгендіктерін есімізден шығармаймыз. Сондықтан да, алғашқы құттықтау сөзі, алғыс пен құрмет журналистика ардагерлеріне арналады.
Құрметті  ардагерлер! Сіздерге бақыт пен сарқылмас жігер тілейміз!
Журналистердің маңдайына тәуелсіз де жас республикамыздың жаңа тарихын жазу бақыты бұйырды. Өз бойларындағы ерен кәсіби шеберліктері мен азаматтық көзқарастарын білдіре отырып, облыс журналистері мемлекеттік реформаларды жан-жақты насихаттай отырып, заңдылық пен құқықтың сақталуы үшін тынымсыз күресуде. Газет, телевидение, радио және интернет – бұл мемлекет пен азаматтардың арасын жалғастыратын алтын арқау. Қарымды қаламымен, бейнекамера және микрофонымен жұмыс істейтін құрметті қаламгерлер, сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасының амандығын тілей отырып, егемен еліміздің  жарқын белесінің жаршысы бола беріңіздер дегім келеді.
Сергей КУЛАГИН,
 Ақмола облысының әкімі. 

 

 

Құрметті Ақмола облысының байланыс және ақпарат қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Шынайы құттықтауымды және ізгі тілегімді жеткізе отырып,  бұқаралық ақпарат құралдары қоғам өмірінде айрықша орын алатынын атап өткім келеді. Бүгінде газет, телеарна, радио және интернет-ресурстар осы заманғы  қоғамдық-саяси, мәдени және әлеуметтік жүйенің қалыптасуына, өңірдің өркендеп дамуына  елеулі үлес қосып отырғаны да анық.
Бұл мереке әртүрлі мамандық иелерін – журналистерді, баспашыларды, баспаханашыларды, телеарна және радио, байланыс қызметкерлерін өзінің шығармашылық еңбегімен ортақ ақпараттық кеңістікті қамтамасыз етіп, қоғамдағы жасампаз процестердің әлеуметтік  арнасын  кеңейтуде ортақ мүддеге жұмылдырады.
Халық сіздерге сенеді, сіздерді тыңдайды, сіздер қоғамдағы көңіл-күйді де анықтайсыздар. Сондықтан, сіздерге өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын шешудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін ақ алғысымды жолдағым келеді. Жаңа шығармашылық  табыстарға, кәсіби  шеберлік биіктеріне жетіп,  отбасында амандықта өмір сүре  беруге жазсын.
Нина ДЬЯЧЕК,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар