Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елдің үздік журналистеріне Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды және Алғыстарын жариялады. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елдің үздік журналистеріне Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды және Алғыстарын жариялады.

Мемлекеттік хатшы рәсім барысында сыйлық лауреаттары мен грант иегерлерін, Мемлекет басшысының Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ Қазақстанның барша журналистер қауымын кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
–  Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен ел азаматтары арасындағы дәнекер қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар, республиканың барлық табыстары мен жетістіктеріне лайықты үлес қосады, ортақ шаңырағымыздағы татулық пен келісімді нығайтады, – деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары Жанболат Әлиханұлы Аупбаевқа – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор шығармашылық үлесі үшін; Алексей Владимирович Панға (марқұм) – «Экспресс-К» газеті редакциясы» ЖШС бас директорына елдің ақпараттық кеңістігі деңгейін өрістетуге бағытталған қызметі, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
Гранттар Зарина Георгиевна Есекееваға (Зарина Мұхамедәліге) – «Арша» медиастудиясының продюсеріне республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы және моноқалаларын мемлекеттік қолдау туралы «24 KZ» телеарнасындағы «Большие города» – «Дархан қала» атты авторлық жобасы үшін; Ринат Думанұлы Кертаевқа – «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсеріне қазақстандық телевизияны  дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін тапсырылды. Қазақстан Республикасы  Президентінің Алғыстары «Достық-Дружба» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Жетісу» өңірлік қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын терең әрі жан-жақты жария-лап көрсеткені үшін; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін; ««Көкжиек» және «От и до» радиобағдарламаларының шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ жұмысы аясында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын жариялап көрсеткені («Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі мен «Астана» радиосының бірлескен жобасы) үшін; «Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына Қазақстан
туралы өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан  елеулі үлесі үшін; «Тіл» ақпараттық-сараптамалық журналының шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысын,  мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін белсенді жариялап көрсеткені үшін; «Vesti.kz» ақпараттық-спорт порталының ұжымына саламатты өмір салтын кеңінен насихаттағаны, Қазақстанның спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін жарияланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар