«Достық» үйінде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы мәдениет және өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы аясында облыстық «Арқа ажары» газеті бас редакторының орынбасары, белгілі журналист Байқал Байәділо

 Тұсаукесер кешін облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов ашып, «Нұр Отан» партия-сы Ақмола облыстық филиалының ұйытқы болуымен жарыққа шыққан кітаптың құнды тұстарына тоқталды. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов:
– Қазақ өнері мен мәдениетіне, руханиятына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Байқал Байәділовтің шығармашылық жетістіктері оқырман қауымға жақсы таныс. Оның әсіресе, соңғы жылдардағы үлкен ізденіспен жазылған өзекті мақалалары мен очерктері  жұртшылықтың көңілінен шығуда, – дей келе, қуаныш иесіне шығармашылық жаңа табыстар тіледі. Әрі партияның қолдауымен жарыққа шыққан кітаптың 100 данасын авторға табыс етті.
Отырыс барысында «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, ақын Қайырбай Төреғожа да қаламдас әріптесіне шынайы ниетпен ақ тілегін жеткізіп, Байқал Байәділовтің газет жылнамасында үлкен із қалдырып келе жатқан айтулы қаламгерлердің бірі екенін атап өтті.    
Одан әрі Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры Марал Жақыпова, белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Ысқақов сөз алып, кітап авторының азаматтық қырлары, қаламгерлік еңбегінің түп мағынасы туралы кеңінен ой өрбітті. Қарымды журналистің қуанышымен бөлісуге келген өзге ел азаматтары да кеш барысында осы тақылеттес жүрекжарды лебіздерін іркіп қалмады. Отырыста Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов осы саладағы бір топ БАҚ басшылары мен қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаттарын, сондай-ақ, «Партияның 50 тұлғасы» партиялық жобасының аясында өткен «Жұлдызды кездесулер» патриоттық акциясының жеңімпаздарының белгілерін  тапсырды.  
Шара соңында әйгілі әнші Қажыбай Жахин бастаған өнерпаздар Көкшенің көк күмбезін әуезді әнге бөлеп, жырдан шашу шашты.

Ақмарал   ЖАНҒАЛИЕВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар