Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық дамудың алдыңғы көшінде - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық дамудың алдыңғы көшінде

 

 

Гүлжанар ШӨКЕЕВА,
облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Уақыт ырғағымен қабаттасып, алға жылжыған замана ағымы қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге де барынша ықпал ететіні бар. Әсіресе, қарыштап дамыған ақпарат кеңістігінің көзді ашып-жұмғанша биік белес-терге жеткенін байқамай да қалатының осыдан болса керек. Өйткені, бұл ақпарат құндылығынсыз адамзаттың өркениетті дамуын көз алдыңа елестетуің  мүмкін емес.

 

 

Ал, бүгінгідей тәуелсіз ел болып отырған кезде бәсекеге қабілетті ақпарат кеңістігін құру мемлекеттік саясаттың
басты бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, әлемдегі әртүрлі даму үдерістері біздің еліміздің де өркенді биіктерге қадам басқан шағында өз ықпалын тигізбей қалмайды. Ендеше ақпарат арқылы елдің даму мүмкіндігін жаңаша леппен беру аса маңызды екенін де айтар едік.
Міне, біздің өңірімізде де жергілікті жерде шығып жатқан газеттер мен хабар таратып жатқан телеарналар нарық заманына бейімделіп, өз қызметтерін жүзеге асыруда. Облыстық ішкі саясат басқармасының деректеріне қарағанда, облысымызда барлығы 99 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 80 газет, 19 электронды ақпарат құралдары  бар.  Сонымен бірге, республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының 20-дан астам меншікті тілшілері жұмыс істейді.
Саралай келсек, аталған бұқаралық ақпарат құралдарының  16-сы қазақ, 38-і орыс және 26-сы екі тілде таратылады. Тіпті, ағылшын тілінде де шығатын бір ақпарат құралы бар. Сонымен қатар, мемлекеттік БАҚ өңірдегі жалпы ақпарат кеңістігінің 20 пайызын иеленеді.
Әрине, жаңа заманның талабына сай мемлекеттік ақпараттық сатып алулар бойынша арнайы тақырыптық лоттарды да жүзеге асыруға барынша назар аударылып отыр. Осыған байланысты қоғам өмірін БАҚ арқылы жариялап, қамтамасыз ету үшін газеттердің даналық көрсеткіштерін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде өмірдің  барлық қырларын, оның ішінде мемлекеттік биліктің жұмысын, адамдардың әлеуметтік жағдайларын насихаттауға мол мүмкіндіктер береді.
Облыста шығатын ақпарат құралдарында өңірдің даму көрсеткіштерімен бірге елімізде қолға алынған әртүрлі реформалар да жан-жақты айшықты етіп көрсетіледі. Бұл ретте, Елбасының жаңа реформалық бастамалары ақпарат беттерінде көрініс тауып, оқырмандарға жеткізу жағы жақсы жолға қойылғанын айтуға болады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығы қызметімен де тығыз байланыс орнады. Қазіргі уақытта бірыңғай медия саясатты қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жүйе жұмысы жандана түсті. «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» облыстық газеттерінде Орталық коммуникациялар орталығы қызметінің материалдарын орналастыру үшін арнайы айдарлар ашылды. Ал, телеарналардағы хабарлардың сапасы да жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын айту керек. Мұнда шағын хабарлармен шектеліп қалмай, өзекті мәселелерді көтеруге арналған тақырыптық жобалар да бар.
Біз мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары  жұмысына да баса назар аударамыз.  Биылғы жылдың басында өткен семинарда олардың  БАҚ-тармен байланысы мәселесі көтеріліп, талқыға салынды.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстардың орындалуын бақылау  біздің  басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Биылдың өзінде аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 5399 материал жарияланды. Республикалық БАҚ беттерінде де облыс туралы материалдар жариялау көрсеткіші өсе түсті. Жыл басынан бері ақпарат агенттіктерінде 4221 материал жарыққа шықса, оның 2652-і жағымды, 1568 орташа қалыптағы және 1-еуі жағымсыз тұрғыдағы материалдар екенін көреміз.  
Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» ұлттық жоспары бағдарламасында мемлекеттік биліктің қызметін арттыруға ерекше назар аударады. Бұған жергілікті ақпарат құралдары да өз үлестерін қосады деп сенеміз. Өйткені, жаңа бастау алған бастамаға қолдау білдіру, онда айтылған жобаларды жүзеге асыру үшін атсалысу маңызды болып табылады. Сондықтан, елдік мүддені биік қоятын атқарушы биліктің сан-салалы жұмысының сапалық сипатын саралап көрсету қажет-ақ. Өйткені, мемлекеттік қызметтің жүйесінде жүрген адамдардың дені мемлекет пен халықтың мүдде-мұқтажын басты орынға қоятыны еш жасырын емес. Кейбір лауазым иелерінің заңды белден басып, мемлекеттік қызметшіге кір келтіретінін де  жасыра алмаймыз.  Ешкім өзінің жеке басының қамын мемлекет мүддесінен биік қоймауы керек.
Журналистер қауымы сын тұрғысында жазатын мұндай тақырыптар өміршең екендігін де айтуға болады. Ақ пен қараны ажыратып айтып, әділдіктің қашан да қымбат екенін жеткізу қолына қалам ұстаған адамның  басты парызы болмақ. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдағы кемшін тұстарды түзеп, кемшіліктерді жоя алатынымыз анық.
Жыл сайын ұйымдастырылатын журналистер күні қарсаңындағы әртүрлі байқаулар барысында да  БАҚ өкілдерінің қандай биіктен көрініп жүргенін анықтауға мүмкіндік туады. «Алтын қалам» байқауын жыл сайын өткізу дәстүрге енгенін айтсақ, өткен жылы 20 аталым бойынша 70 адам өз шығармаларын ұсынса, биыл бұл көрсеткіш 88-ге жетті. Сондықтан, журналистерді ынталандыру арқылы олардың кәсіби қызметтеріне де жаңа биіктерден көрінуге серпін беретін боламыз. Өйткені, олардың да істеп жатқан еңбегі – елдік мүдде. Ал, оны қашан да асқақ ұстау журналистердің ары мен намысы болған. Мұндай абыройлы іс әрқашан жақсылыққа жаршы болады.
Сөзімнің соңында барша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін алдағы келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, оларға жұмыстарына табыс, отбастарына амандық тілеймін. 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар