Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік хатшы тапсырды - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік хатшы тапсырды

Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 2009 жылдың 28 қаңтарында өткен XIV сес-сиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев этносаралық қатынастар мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулер жүйесін дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы нұсқауынан кейін Ассамблеяның консультативтік-талдау органы – Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылған болатын.

  Оның негізгі міндеттері: этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдістерін кешенді сараптық бақылау, аталған процестердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау; ҚХА-ның демократияны дамыту, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайту, жалпыұлттық келісімге жетудегі рөлінің артуына жәрдемдесу; этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; осы жұмыстарға сүйене отырып мемлекеттік органдар, Ассамблея, этномәдени бірлестіктер үшін нақты, ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Бұл этносаралық қатынастар мәселелерін анағұрлым кең мағынада қарастыруға және кешенді сипаттағы әдіснама түзуге зор септігін тигізуде.
Өткен аптада Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залында Ғылыми-сарапшылық кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар еліміздегі жоғары оқу орындарының ректорлары, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, әр саладағы ғалымдар қатысты.
Отырысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова кіріспе сөзбен ашып, «Ұлт жоспары – мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамы» бойынша «Біртектілік және бірлік» бағытын жүзеге асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері туралы, Ассамб-лея жылына ғылыми-сараптамалық қолдау көрсету мәселелері жөнінде айтып берді.
Қарастырылған күн тәртібі бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б.Сыдықов, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры З.К.Шәукенова, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы С.И.Жолдасбаев, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ш.А.Әмірбеков, «Жаңа шешімдер» білім қоры» компаниясының бас директоры В.С.Ким, «BISAM Central Asia» бизнес-ақпарат, әлеуметтану және маркетингтік зерттеулер орталығының бас директоры Л.Я.Гуревич, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Н.С.Тышқанова, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Т.Карин өз ойларымен бөлісті.
Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына жаңа мүшелер қабылданды. Отырыс соңында Г.Н.Әбдіхалықова кеңестің бірқатар белсенді мүшелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Аталмыш марапатқа жерлесіміз, Ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұлұлы да ие болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: медаль тапсыру сәті (оңнан солға қарай) ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Ғосман Төлеғұлұлы және Ассамблея Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар