Қопа көлінің жағалауы абаттандырылады

 

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын аралап, көркейту жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығына мән берді. Бұл жолы қаланың шеткі аймағының жағдайына баса көңіл бөлінді.

 

Алдымен, өңір басшысы Абай мен Әуезов көшелері арасындағы аулалардың абаттандыру жұмыстарымен таныс-ты. Бұл жұмыстарды жауапкершілігі шектеулі «Тәуелсіздік-Д» серіктестігі атқаруда. Бүгінгі таңда жылу жүйесінің инженерлік және жол жиегін түзеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс басшысы тұрғындармен кездесіп, хал-жағдайларын сұрады. Лифтерді пәтер иелері кооперативтеріне беру және газ тарату мәселелерін шешуді тапсырды.
«Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына биыл  қажетті  қаржы жылдағыдан ертерек бөлінді. Дайындық жұмыстарын 25 тамызда аяқтау көзделіп отыр. Қазір мұнда 50 адам жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Өңір басшысы жауапкершілігі шектеулі «Намыс» құрылыс фирмасы» серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қазіргі заманғы жоғары технология-мен кварцтық құм өндіреді. Бұл құммен зауыттар мен ірі кәсіпорындар техникалық суды тазалайды. Сапалы кварцтық құмның  он екі түрі өз елімізбен бірге жақын шетелдерге шығарылады.  Облыс басшысы Васильковка шағын ауданында болып, көлік жолын жөндеу жұмыстарына назар аударды. Абаттандыру жұмыстарына көңілі толмады. Аялдама маңында заңсыз салынған дүңгершікті алып тастап, Сырымбет дүкенінің алдын тәртіпке келтіруді тапсырды.
Бүгінгі таңда облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жеке меншік иесі Қопа көлінің жағалауын абаттандырып, дем-алыс базасына айналдыруды көздеп отыр. Өңір басшысы қала тұрғындарының демалысы үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды. Әрі қарай, жаңа мешіт құрылысының соңғы жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күні мұндағы жұмыс аяқталуға жақын. Мердігерлер тиісті қаржы бөлінсе, мешітті бір айдың ішінде пайдалануға береміз деп отыр. Облыс басшысы мешіт маңына автотұрақ жасауды да міндеттеді.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар