Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заман талабына бейімделуде - АРҚА АЖАРЫ

Заман талабына бейімделуде

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалында кәсіподақтары өкілдері бас қосып, өз жұмыстарына қатысты толғақты мәселелерді талқылады.

Бұл шараға Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов  қатысты.
Бүгінде кәсіподақтар саласында да жаңа өзгерістер қолға алынуда. Биыл еліміздің кәсіптік одақтары туралы жаңа заңы қабылданды. Онда заман ағымына сай жұмыс істеудің әртүрлі тетіктері белгіленген. Еңбек адамын қорғаудың жаңа құралдары да қарастырылады.
Мұрат Машкенов жиналғандарға осы мәселе жөнінде хабарлама жасады. Ең бастысы, кәсіподақ ұйымдарының жарғысын жаңа заңға бейімдеп, қайра жасау қажет екені айтылды. Себебі, көп кәсіподақ ұйымдары әлі күнге дейін қоғамдық ұйымдар жөніндегі заң талабымен жұмыс істеп отырғанын да жоққа шығара алмаймыз. Ал, кәсіптік одақтар туралы соңғы заң бұл тұрғыда басымдыққа ие екенін естен шығармаған жөн.
Еңбек конфедерациясының өкілі  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде де ой бөлісті. Өйткені, қазір кәсіпорындарда жұмысшылардың жалақы қарыздары да қордаланып барады. Жыл басынан бергі жарты жылда ғана еліміз бойынша жалақы қарызы 136 миллион теңгеге жеткен көрінеді.
Міне, кәсіподақ ұйымдарының белсенділік танытатын кезі туды. Қарапайым адамның еңбекке деген құқығын қорғауға өздерінің үлесін қосуы тиіс. Бірақ, мұны жұмыс берушімен арадағы теке тіреске ұластыру да жөн емес. Қандай мәселе болсын заң аясында өркениетті жолмен шешілуі керек деген ой көбірек айтылды.
Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспары жайында да әңгіме қозғалды. Бұл жаңа бағдарламада еңбек қатынастарын ырықтандыру мәселесі де көтеріледі. Әсіресе, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілету жөніндегі Елбасы бастамалары қолдауға лайық.
«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаевтың айтуынша, кәсіподақтардың  жаңа заманға бейімделген түрде жұмыс істейтін сәті туды. Олар ең алдымен еңбек адамының мүддесін қорғайды. Бұған ақжолдықтар да үлес қосатынын жеткізді.

 

Бақыт СМАҒҰЛ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар