Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапкершілікті жете сезінуде - АРҚА АЖАРЫ

Жауапкершілікті жете сезінуде

«Сұңқар» сауықтыру кешенінде облыстық мәслихаттың ұйытқы болуымен «Мәслихаттардың қоғамды әлеуметтік-экономикалық дамыту мен демократияландыру және ішкі саясаттың тұрақтылығын нығайтудағы рөлі мен орны» тақырыбында семинар болып өтті.

Шараға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Николай Политкин, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин, Зеренді ауданының әкімі  Асқар Мұратұлы, облыстық мәслихат депутаттары, аудандық және қалалық мәслихат хатшылары қатысты. Семинарда облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек  сөз алып, қазіргі уақыттағы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғады. Ал, Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан 5 институционалдық реформасы «100 нақты қадам» ұлттық жоспары елімізде көптеген олқылықтарды болдырмайтын маңызды құжат екенін атап өтті. Бұдан кейін
аудан әкіміне сөз беріліп, ол мәслихаттардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.
«Нұр Отан» партиясының талдау, болжау және әлеуметтік бастамалар орталығының жетекшісі, академик, профессор, философия ғылымының докторы Қазыбек Қазкенов «Қазақстанның  ХХІ ғасырдағы даму қарқыны» тақырыбында баяндама жасап,  елімізде атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты  талдады. Әрі кемелденген мемлекеттердің қатарынан табылу үшін жастардың тәлім-тәрбие-сіне баса назар аудару қажеттігін атап көрсетті.
Қоғамның жегі құртына айналған жемқорлық мәселесі өткір күйінде қалып отырғаны мәлім. Бұл қоғамда көптеген салаларға сызат түсіріп жатқаны да жасырын емес. Осы мәселе төңірегінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың аймақтық  орталығының басшысы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры  Әлібек Баймағамбетов сөз сөйлеп, облыста орын алып жатқан  сыбайлас жемқорлық жағдайларына назар аударды. Оның айтуынша,  кеселмен күресу үшін балаларды балабақшадан бастап тәрбиелеп, жемқорлыққа қарсы шараларды көптеп ұйымдастыру қажет. Себебі, бұл жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділікті» қалыптастыратын бірден-бір жол.
Ал, «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев елімізде оқыту құралдары жүйеленіп, оқушылар қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер бойынша оқытылып келе жатқанын айтты. Қазір облыста 1884 мұғалім бар екен. Олар білімдерін жетілдіру мақсатында міндетті түрде қайта оқыту курстарынан өтіп отырады. Әрі тәжірибелерімен бөлісіп, оқытудағы тиімді әдістерді іздеуде құлшынысы жоғары екенін тілге тиек етті.
Елімізде білім саласында ғана емес, мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңашыл тәсілдерді қолдану кең өріс алған. Бұл жөнінде облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметті ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Данагүл Таласова  баяндап өтті. Сонымен бірге, азаматтарға уақытты үнемдеп, ақпаратты тез алуға ықпал ететін  ғаламтор парақшаларын тізді. Бұл әдістің шалғай аудандардағы тұрғындар үшін көмегі зор.
Семинар барысында Елбасының жаңа ұлттық бағдарламасы аясында атқарылар іс-шаралар одан әрі сараланды. Бұған депутаттар ғана емес, қоғамның барлық топтары атсалысуы тиіс. Басқосуға жиналғандар осындай  берік ұйғарыммен тарқасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар