Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тың жобалардың ауқымы кең - АРҚА АЖАРЫ

Тың жобалардың ауқымы кең

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» және индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған Индустрияландыру күніне қатысып, сөз сөйледі. Селекторлық тәртіппен өткен бұл шараға облыс әкімі Сергей Кулагин қатысты.

Елбасы индустрияландыруды Қазақстан-2050 Стратегиялық бағытының  елді әлемдегі барынша дамыған 30 мемлекет қатарына қосу жөніндегі бас-
ты мақсаттарына жетуге бағытталған бүкіл мемлекеттік саясатының өзегі ретінде атады. Іс-шара алдында Мемлекет басшысы жаңа айшықты жобалармен және отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен таныс-ты, сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» атты көрмені аралап көрді.  
Жалпыұлттық телекөпір аясында Индустрияландыру картасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының бірқатар жобалары іске қосылды. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған өндірістердің қызметі таныстырылды.
Жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті бірінші өнеркәсіптік бесжылдық кезінде шамамен 33 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылып, оның жартысы елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына тиесілі болғанына назар аударды.
Мемлекет басшысы ин-дустрияландырудың екінші бесжылдығы бұрынғыдан да нақтырақ көрініске ие екенін айтты.
– Басымдығы бар алты сала анықталды, олар – мұнай өңдеу және металлургия кешені, тамақ және химия өнеркәсібі, өнеркәсіптік жабдықтар және құрылыс материалдары өндірісі. Бәрінің негізінде кластерлік тәжірибе жатыр. Жаңа бағдарламада біз бірінші бесжылдықтың сабақтарын барынша ескеріп, жинақталған тәжірибені қолдануға тырыстық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті бүгінде өңдеу өнеркәсібінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 22 жаңа жоба жүзеге асыруға дайындалып жатқанын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тиімділігі мен өнімділігін көтерудің қажеттілігін атап айтты.
– Бұл үшін ұқыпты өндіріс жүйелерін, роботтандыру және автоматтандыру элементтерін енгізу, технологиялық желілерді жаңғырту талап етіледі. Әсіресе бұл біздің металлургия, мұнай өңдеу, химия сияқты дәстүрлі салаларымызға қатысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін түбегейлі жаңа – мұнай-газ химиясы, автомобиль құрастыру және тағы басқа өнеркәсіп салаларын құру мен дамытудың маңыздылығына тоқталды.
– Мұндағы шешімнің мәні – жаһандық ойыншылармен бірге бірнеше ірі стратегиялық жобалардың жүзеге асырылуында. Үкіметке, ұлттық холдингтерге осындай жобалардың тізбесін анықтап, оларды жүзеге асыруға жауаптыларды бекітуді тапсырамын. Заманауи технологияларға, компетенциялар мен жаһандық өткізу нарықтарына қол жеткізу үшін он трансұлттық корпорация мен «зәкірлі» инвесторлар тартуды қамтамасыз ету керек, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі, машина жасау сияқты секторларда отандық бизнесті дамытып, бәсекеге қабілетті өнім жасау және сыртқы нарықтарға шығу үшін зор әлеует бар  екеніне назар аударды. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Ұлттық чемпиондар» жобасын жүзеге асыру тапсырылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тікелей елімізбен байланыстырылатын және оның халықаралық аренадағы имиджіне оң ықпал ететін өз брендімізді әзірлеудің маңыздылығын айтты.
Мемлекет басшысы ықпал-дастық аясында, әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресейдің, Орталық Азияның, Қытайдың, Үндістан мен Иранның шекара маңындағы нарықтарына шығу үшін мейлінше ауқымды жұмыстарды бастаған жөн екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев ДСҰ-ға мүше болу экономикамыз үшін жаңа көкжиектерге жол ашатынына назар аударды.
– Бір жағынан, бұл біздің кәсіпорындардың шетелдік алып нарықтарға шығуын, екінші жағынан, тұтынушылардың көптеген тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік аламыз. Біздің міндетіміз – Қазақстан компанияларының жаңа жағдайға тезірек бейімделіп, ДСҰ-ға кіруден мейлінше пайда табуға көмектесу, – деді бұл орайда.
Елбасы болашақ ұрпақ игілігі үшін ұзақ мерзімге жалғасатын нәтижелерге бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының айрықша маңыз-дылығын атап өтті.
– Бізді ел ішінде 7 мың шақырым автожолдар салу және жөндеу жұмыстары күтіп тұр. Алдағы 3 жылда бағдарлама мақсатына 20 миллиард доллардан астам қаражат жұмсалады, оның үштен бірінен астамын халықаралық қаржы инс-титуттары бөледі. Төрт жыл ішінде бағдарлама ІЖӨ өсімін
16 пайызға еселейді деп күтілуде. Қорытындысында 2019 жылға қарай біз ірі қалалар арасындағы жолға кететін уақытты үш есе қысқартып, елдің біртұтас энергетикалық жүйесін қалыптастыруды және ең бастысы, бүкіл экономикамызды ортақ нарыққа біріктіруді көздеп отырмыз, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.
 «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жос-пары аясында құрылыс, жер қойнауын пайдалану, энергетика және тасымалдау салаларындағы реттеу ісі озық халықаралық тәжірибелерге сәйкестендірілетін болады.   
Соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан барлық реформалар елімізді дамыта түсу үшін сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасауға бағытталып отырғанын айтты.
– Отандық экономикамызда жекеменшік сектордың рөлін арттыру жолындағы  мемлекеттің жүйелі қадамының бірі осы. Бұл ел азаматтарының тұрмысын жақсартуға да септігін тигізетін болады. Бүгін біз айтарлықтай нәтижелер бар екеніне көз жеткіздік. Ендігі міндетіміз – ел алдына қойылған маңызды міндеттерді іске асыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  
Шара барысында күн тәртібіндегі мәселелер бо-йынша Инвестициялар және даму министрі  Ә.Исекешев, Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, Павлодар облысының әкімі Қ.Бозымбаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов
баяндама жасады.
 «Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар