Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төлемдерді төлеу парыз - АРҚА АЖАРЫ

Төлемдерді төлеу парыз

 Мемлекет экономикасының үдемелі дамуында салық жүйесінің рөлі зор. Бұл міндетті төлемдер мемлекеттік кірісті қалыптастырады. Әрі  кәсіпкерліктің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

  Бүгінде сегіз ауданда аудандық және қалалық бюджеттің орындалмағаны мәлім болып отыр. Мәселен, Зеренді ауданында 231 миллион теңге қаржы игерілмесе, Көкшетау қаласының бюджетінде 1 миллиард 806 миллион теңге сомасындағы жоспар жүзеге аспаған. Бұл аудандарда қаржылық жоспардың дұрыс құрылмайтынын көрсетеді.
Негізгі жеті саланың ішінде құрылысқа бөлінетін қаржы біршама өскен. Ал, қалған алты салада экономикалық өсім төмендеді. Мұның негізгі себебі, ақша айналымына түсетін салықтың көлеміне байланысты. Тарқатып айтар болсақ, ауыл шаруашылығы саласында төленген салықтың пайыздық мөлшері 4,2 пайызды құрау керек болса,  аталған көрсеткіш 1,2 пайызға құлдыраған. Ауыл шаруашылығы құрылымдары салықты аз мөлшерде төлейді. Әр шаруашылықтың бір гектар жерге төлейтін сомасы 1031 теңге. Егер де серіктестіктерді салыс-тырмалы түрде алсақ, жауапкершілігі шектеулі «Алиби Павловка» және «Новомарковка» серіктестіктерінде егістік көлемі бірдей,  жұмысшы саны әрқилы. Дегенменен, салық жүктемесі екеуінде де тепе-тең. Кейбір шаруашылықтардан келіп түсетін салық мөлшері де тұрақты емес. Аграрлық корпорацияға кіретін кәсіпорындар жеке шаруашылықтарға қарағанда салықты аз төлеуге тырысады. Бұл мақсатта  салықтан жалтарудың амалын іздестіріп, неше түрлі айла ойлап табатыны да белгілі. Кірістерін жасырып,  тұқымды сатып алу бағасын төмендетеді.
Облыста сауда орындары мен сауда көлемі тұрақты. Жыл басынан бері 725 жеке кәсіпкерлік пен 517 заңды тұлғалар тіркеліп, жұмыс істеп келеді. Осыған қарамастан саудада салық түсімі 722 миллион теңгеге төмендеген. Әрине, бұл  кәсіпкерлердің жұмысшы саны мен кірісті жасыруынан деп толық айтуға болады. Мысалы, «Бурабай» сауда үйінде жүн мен теріден жасалынған түрлі өнім сататын жеке кәсіпкердің табысы 2 миллион 725 мың теңгені құрайды. Бір тонның орташа бағасы 300 мың теңге деп есептесек, бұл тоғыз тонның құны. Жеке кәсіпкер сатып алушылар қатарының молдығына қарамастан осындай санды көрсеткен. Сонда аталмыш кәсіпкерліктің пайдасының болмағаны ма? Әрине, жоқ. Бурабай ауданында салық төлеушінің жеке меншігінде 10 нысан бар. Бірақ, мүлікті өте төмен бағалапты. Біздің облысымыз астанаға жақын болғандықтан, нысандардың бағасы да сәйкесінше жоғары болуы тиіс. Өкілетті органдардың мәліметіне жүгінсек, Бурабай ауданында  пәтерлердің құны төмен болып келеді. 288 шаршы метрлік пәтердің бағасы 2 миллион 249 мың теңге  деп көрсеткен. Бір шаршы метрдің бағасы 500 долларды құрау керектігі ескерілмеген. Келтірілген мысалдар негізінде бюджет кірісінен қағылуда. Осы орайда, Жылжымайтын мүлік орталығы осы мәселені жіті қадағалауы қажет.
Салықтың тұрақты түсіп отыруы үшін акциздің рөлі зор. Контрафактілік өнімдердің өріс алуы тежеуші тетікке айналды. Сол себепті, бекітілген жоспарға сәйкес заңсыздыққа жол бермеудің шаралары жүзеге асырылуда. Тексерістер нәтижесі көптеген заңсыз кәсіпорындарды әшкереледі. Заңды белден басқандардың легі толастар емес. Бұған алкогольді ішімдіктерді жасаумен айналысатын цех дәлел. Олар өнімдерін нарық бағасынан бірнеше есе төмен бағамен сатқан. Көлік тасымалы саласында салықтан жалтару мәселесі ушығып тұр. Көлік жүргізушілері көп жағдайда бейресми қызмет көрсетеді. Қалааралық тасымалдаушылар да облыстың беделін түсіріп, салық төлемейді. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдар көлік прокуратурасымен қоян-қолтық қызмет атқарып, көлік тасымалы  операторларын бақылау шараларын қолға алу маңызды.
Тағы бір айта кететін жәйт кәсіпорындарда заңсыз бухгалтерия жүргізу кең етек алған. Аталған заңсыздық бойынша азаматтардың шағымдануы жиілеп кетті. Қызметкерлер мұндай жағдайға тап болмасы үшін облыстық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және еңбек инспекциясы басқармаларымен бірлесіп,  түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі туындауда. Оған қоса мемлекеттік сатып алу жүйесінде де былық көп. Түйткілді мәселе қатысушыларды іріктеу барысында көптеген келеңсіздіктер тіркелуде. Өткен жылы облыста 39,6 миллиард теңге сомасына 455 конкурс өткізілді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының бірсыпырасы құрылыс жұмыстарына бөлінуде. Барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды саралай келе күмәнді мәліметтер мәлім болды. Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсында өзге облыстардың мердігерлері жеңіп шыққан. Ал, біздің облыс аумағындағы мердігерлерге салықты уақытылы төлемеуі мен жұмысшылардың жоқтығы бөгет болыпты. Енді өткен қателіктерді қайталамас үшін әр серіктестік бөлінген қаржы бойынша есеп беруі қажет деп ойлаймыз. Департамент бюджеттің игерілуін бақылап, барлық жұмыстардың орындалуын тексеріп отырмақ.
Түйіндей келгенде, еліміздегі әр азаматқа міндетті төлемдерді төлеу мемлекет алдындағы тікелей борышы екенін ұмытпауымыз қажет. Департамент қызметкерлері де экономикалық заң бұзушылықтардың орын алмауы үшін бірқатар шараларды қолға алып, мақсатты түрде жұмыс істеп келеді. Мұнымен қатар департамент бәсекелі бизнес ортаны қалыптастырып, кәсіпкерлерге бірдей жағдай жасауды қамтамасыз етуге білек сыбана кіріскен.

Ерлан ХАСЕНОВ,
Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
 департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар