Депутаттарға арналған тренинг

Партияның  Саяси менеджмент мектебі барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» фракциясының депутаттары үшін  «БАҚ-пен өзара іс-қимыл технологиялары» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг қатысушыларына жаңа және дәстүрлі медиа арқылы қоғамдық пікірге әсер ету жолдары түсіндірілді. Депутаттарға дәріс берген «informburo.kz» ақпараттық ресурсының бас редакторы  Михаил Дорофеев жаңа медианың дәстүрлі құралдарға әсері, әлеуметтік желілер, ғаламтор – БАҚ,  азаматтық журналистика,  «Wikileaks синдромы», ақпараттық қоғамның басқа да ерекшеліктері сияқты өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды. Шара соңында арнайы сертификаттарға ие болған 21 депутат алған білім-білігін тәжірибеде қолданатындықтарын айтып сендірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар