Жергілікті жерлердегі жағдайға зер салды

 

Облыстық  мәслихаттың  «Нұр Отан» партиясы  депутаттар   фракциясының кезекті отырысында өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының мақсатты игерілуі жөнінде бірқатар мәселелер қаралды.

 

Партияның облыстық филиалы ғимаратында өткен жиында Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасының жергілікті жерде іске асырылуы жөнінде баяндама жасап, қаланың әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны жайлы толымды ақпарат берді. Осы жобаның арқасында Степногорск қаласын дамытуға соңғы төрт жылда республикалық және облыстық бюджеттерден 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, оның 8,8 миллиард теңгесі игерілген. Кәсіпкерлерге несие беріліп, тозығы жеткен тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу ісі де өз жалғасын табуда. 2011 жылдан бастап мұнда 26 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Олардың барлығы көпшіліктің көңілінен шығып, тұрғындар арасында қолдау тауып жатқанын айтып өткеніміз жөн. Өз кезегінде депутаттар  да баяндамашыны тыңдай келе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүргізуде халықтан ешқандай шағым түспегенін ерекше атап өтіп, бұл облысымыздың басқа аймақтарына үлгі болуы керектігін жеткізді.
Отырыс барысында мәслихаттар жанындағы еліміздің ұлттық қорынан бөлінетін қаржыны қадағалау жөніндегі комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына, жиында айтылған басқа да мәселелерге  қала және аудан әкімдерінің назарын аудару қажеттігі де айтылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар