Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуетін тиімді пайдалануда - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуетін тиімді пайдалануда

«Ақмола Медиа Орталығында» Егіндікөл ауданының әкімі Азамат Тайжановтың ауданның жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттер жөніндегі брифингі өтті.

Егіндікөл ауданы астықты өңірлердің бірі болып табылады. Жыл сайын ауыл шаруашылығы құрылымдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Мәселен,  өткен жылы аудан диқандары әр гектардан он бір центнерден сұрыпталған астық жинап, 376 мың тоннадан артық астық бастырғандығы мәлім. Ағымдағы жылы ауданда 320 мың гектардан астам алқапқа астық дақылдары себілді.
Аудан әкімі Азамат Тайжанов өз  баяндамасында өңірдегі өнеркәсіп саласына тоқталып өтті. Оның айтуынша, облыстың өнеркәсіп өндірісінде ауданның үлесі 0,2 пайызды құрайды. Өнеркәсіпте қосалқы кәсіпорындар да табысты жұмыс істеп келеді. Болашақта 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында пеноблок, пескоблок және газоблоктарды өндіретін цех іске қосылмақшы. Бұл бастаманы жауапкершілігі шектеулі «Полтава Блок Строй» серіктестігі жүзеге асырғалы отыр. Кәсіпорын толықтай іске қосылған соң бес тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аталмыш жоба  аймақтық кеңеспен мақұлданып, Индустрияландыру картасына енді.
Ауданды дамытудағы маңызды бағыттардың бірі – инвестиция тарту. Осы бағытта ауданның әлеуетін тиімді пайдалану және инвесторлар үшін жағдай жасау мәселелері бо-йынша ілкімді шаралар қолға алынуда. Соның қатарында, жауапкершілігі шектеулі «Армавирский» серіктестігі де бар. Мұнда екі мыңға жуық ірі қара мал өсіріледі.  Ал, «Бауманское» серіктестігі сапалы астықтың сақталуы үшін сыйымдылығы 20 мың тонна болатын астық қоймасын салған. Бұл  ауа-райының қолайсыздығына қарамастан астық шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын  азаматтар қатары да күн сайын толыға түсуде. Олар қызмет көрсету, сауда-саттықпен айналысып, ауданның экономикасын көркейтуге өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ, жұмыссыздықты азайтудағы үлестері мол. Мәселен, үстіміздегі жылы 77 азамат жұмысқа орналасу бойынша өтініш білдіріп, соның ішінде 26 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Ал, тіркелген жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың нысандарына жіберіліп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Ауданда тұрғындарға баспана жетіспейді. Сол себепті, «Қолжетімді бас-
пана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жоба әзірленген. Ауданда  бір ауысымда 72 келушіге арналған емхана, 35 кереуеттік орталық аурухана және он  төрт медициналық пункттер болса да, ем-дом жасайтын дәрігерлер жетіспейді. Аудан әкімінің сөзіне жүгінсек, алдағы уақытта аз қамтылған отбасылардың балаларына аудан әкімдігі екі грант бөліп, жоғары оқу орындарында тегін оқытпақ. Бұл кадр мәселесін шешуге бірсыдырғы көмек болары сөзсіз. Өкінішке орай, ағымдағы жылдағы  ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша тестілеуге қатысқан отыз түлектің  бесеуі тиісті межеден өте алмаған. Алайда, баспасөз мәслихаты барысында  аудан әкімі оларды оқытуға немесе жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтты. Түлектер жұмыссыздардың қатарын толықтырмау үшін қажетті шаралар жүзеге асырылмақ.
Айта кетерлігі, ауданда көптен шешілмей жүрген ауыз су мәселесінің түйіні тарқап, тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Соның әсерінен тұрғындардың өзге аудандарға қоныс аударуы тоқтаған. Жалпы алғанда, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді. Ол үшін ауданның мүмкіндігі, әлеуеті мол. Он сегізден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұратын аудан бүгінде тату- тәтті өмір сүріп, барлық белгіленген міндеттерге қол жеткізу үшін бірлесіп қызмет атқаруда.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар