Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенімнің салмағы - АРҚА АЖАРЫ

Сенімнің салмағы

 Ел Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» мемориалында Астана күні қарсаңында жоғары әскери оқу орындарының ең үздік түлектеріне лейтенанттық шендерді табыс еткен болатын. Елбасының қолынан шен алу мәртебесіне Көкшетау техникалық институтының түлегі Қайрат Оспанов та ие болды.

  Институт курсанттарымен болған кездесу барысында аталған оқу ордасы басшысының  ғылыми жұмыстар жөніндегі  орынбасары Райымбек Кендебаев сөз алып, бұл тек түлектің ғана емес, тұтастай білім ошағының абыройы екендігін баса айтты.
Ал, Мемлекет басшысының өзі қолын қысып, шен тапсырған Қайрат  осы бір кездесуден алған әсерімен бөлісті.
–Елбасын алғаш көргенде қобалжығаным рас. Бірақ, кейін оның байсалдылығына қарап, бойымда бір сенімділік пайда болды. Президент қолымды қысып, алғашқы шенді иығыма тақты. Әрине, бұл маған зор жауапкершілік жүктейді. Қасиетті
Отаныма адал қызмет етуге ант етемін, – дейді өртке қарсы қызмет лейтенанты.
Қазір Қайрат өзі білім алған  институтта еңбек етіп, төтенше жағдайлар саласына мамандар даярлауға атсалысып  жүр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар