Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шілденің 13-інен 14-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні - АРҚА АЖАРЫ

Шілденің 13-інен 14-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні

Қасиетті  Рамазан айының оразасын ұстап, ауыз бекіткен ағайын дініміздегі осы бір парыздық міндеттерін адал атқарып, мол ғибадатқа бөленуде. Өздерінің ақыреттегі  өміріне лайық тағылымды  сауаптар жасап, оразаның да  осындай ғибраты бар екеніне қаныға түседі. Ал, Рамазан айындағы Қадір түнінің қасиеті де өте зор.

Қадір түні арабшадан аударғанда адамдардың тағдырын белгілейтін түн деген ұғымды білдіреді. Бұл  қасиетті Нұр тауының үңгірінде Пайғамбарымызға алғашқы Құран аяттары түсе бастаған түн еді. Сондықтан, бұл түн адамзат баласына Алланың рахметі жа-уатын, қараңғылықтан тазартып, жақсылыққа бастайтын қасиетті рәсім саналады.  Оның қасиетті Құранда да мың айдан артық  екені айтылады. Олай болса, Қадір түніндегі әрбір жасаған құлшылығымыз 83 жыл ғибадаты бар сауапқа ие екен.
Бір хадистерде: «Қадір түні жерге түсетін періштелердің саны жер бетіндегі майда тас-тардан да көп болады» делінеді. Әрбір адам осы түні өз тілек-ниетінің қабыл болуы үшін дұға тілеп өткізгені абзал. Себебі,  ол келер жылы болатын әрбір істің тағдырын шешетін мүбәрәк түн. Осы түні әрбір мұсылман баласы Алла тағалаға құлшылық жасап, көп дұға тілегені тағылымды болады. Мысалы,  Әбу Хурайра риуаят етілген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде Қадір түнінде сауапқа батамын деп берік иманмен түнгі намазын оқыған адамның күнәлары кешірілетіні айтылады. Сол себепті осы тағылымды кеште Аллаға сыйынып, сәждеге бас қойған пенде рухани жағынан да тазарып, мол сауапқа кенеледі.
Барша мұсылман қауымы!
Сіздерді осынау қасиетті Рамазан айының Қадір түнімен шын жүрегімнен құттықтап, ізгі ниетімді білдіргім келеді. Қадір түні әрбір адам өзінің тілеген тілегіне жетіп,  мол сауапқа кенелуіне  тілектестігімді білдіремін. Біздер  осы ғибратты істеріміз арқылы ақырет күнінің де  қамын ойлап, дұғаларымызды оқып, құлшылықтарымызды  жасасақ, рухани жағымыздан да, имани тұрғыдан да сау адамдай сауығып,  тазаратынымыз анық. Сондықтан, сіздерге қасиетті Қадір түні мол жақсылықтар мен ырыс-береке әкелсін деп тілеймін. Ниетімізді қабыл етсін!
Қанат ҚЫДЫРМИН,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар