Жемқорлықпен күрестің тың үлгісі

 «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы «Жемқорлықсыз  мемлекет – гүлденген мемлекет» жобасын жүзеге асыру, жемқорлықтың кез-келген  көріністеріне «нөлдік төзімділікті»  қамтамасыз ету, осы дертпен күресті жандандыру, мақсатында еңбек ұжымдары мен бастауыш партия ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

  Түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында  филиал мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып тұрады.  Тек ағымдағы жылдың өзінде 14 кездесу өткізіліп, олардың барлығында да жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы түсіндірілді.  Мәселен, аудандық төтенше жағдайлар және  №12 өрт сөндіру бөлімінің ұжымымен өткен кездесуде  жемқорлық фактілерін әшкерелеуге қол ұшын берген азаматтарды ынталандыру жолдары  сөз болды.  Осы бір қатерлі кеселмен күреске  қоғамдық жұртшылықты жұмылдыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл іске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің, аудандық прокуратура мен  әділет басқармасының қызметкерлері атсалысты.  Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар