Экологиялық таза өнім

 Жеке кәсіпкер Жәнібек Шәріпов таза экологиялық өнім экопакеттер шығарады. Оны болашақ энергиясымен қатар, таза экологияға байланысты «ЭКСПО-2017» көрмесінде көрсетпекші.

  Экопакет – пергаментті қағаздан жасалатын, барлық тексерістерден өтіп, жоғары нәтижелер көрсеткен экономикалық тиімді және экологиялық таза өнім. Бұның салафан пакеттерінен артықшылығы: салафан пакеттер 500 жылдар шамасында ыдыраса, бұл жаңа қағаз пакеттер 3 жыл ішінде толық ыдырап кетеді. Оған қоса ұннан жасалатын барлық өнімдер экопакеттің ішінде көпке дейін сақталады. Экономикалық тиімді болуының себебі, дүкендерге және әртүрлі мекемелерге бұл пакеттердің тегін берілуі. Ал, «Trade Project» жеке кәсіпкерлігі тек қана жарнамамен қаржы табады.  Бүгінгі күннің өзінде қағаз пакеттерді қаламыздың көптеген дүкендері қолдануда. Әсіресе, экопакеттерді нан салу үшін пайдалануда. Себебі, қағаз пакеттің ішінде тұрған нан үш күнге дейін алғашқы қалпын жоғалтпайды. Оған қоса этилен салафандарға дүкендер үш теңгеден кетірсе, экопакеттерді қанша сатып алса да тегін.
– Мұндай ойға бұрынғы жұмыс бабым бойынша еліміздің көптеген қалаларына іссапарларға баруымның арқасында келдім. Бүгінгі күні этилен пакеттерден бас тартып, қағаз пакеттерге ауысу – әлемдік үрдіс. Осылайша қаламыздың көркеюіне өз үлесімді қосып, бір жақсы жұмыс атқарсам деймін, – дейді компания басшысы Жәнібек Шәріпов.
Пакеттердің таралымы 20 мыңнан аса болғандықтан, компания сыртына жарнама жасап ақша табады. Оған қоса жастарды есірткі, ішімдік пен темекіге қарсы тәрбиелеу үшін, олардың зияндығы жайлы ақпараттар да шығып тұрады.
Түгел жарнамалар қабылданып болған соң, дизайнер барлығын өңдеп, Астанадағы жаңа технологиялармен жабдықталған типографияға жібереді. Себебі, қарапайым баспахана мұндай сапалы  пакеттерді шығара алмайды.  Жаңа құрылғылардың арқасында болғандықтан, экопакеттер шығару тиімді, ал қолдан жасалатын болса, ол көп уақыт пен қаржы қажет етеді екен.
– Алдағы уақытта бұл істі дамытуға байланысты көптеген жоспарларымыз бар. Экопакеттің тиражын 30-40 мыңға дейін жеткізу нақты мақсатымыз болып отыр. Басқа жоспарларымызды әлі айта алмаймын, – дейді Жәнібек Ғалымбекұлы.

Рамазан ТӨЛЕУБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар