Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал басы көбейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мал басы көбейіп келеді

 Мал шаруашылығы –  ауыл шаруашылығының маңызды құрамдас бөлігі. Сол себепті, облыстағы  мал шаруашылығы құрылымдарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

  Өткен үш айдың қорытындысы  бойынша  өңірде ірі қара мал басы 422,4 мыңды құрады. Әсіресе, мал басының көбеюі шаруа қожалықтарында айқын байқалады. 2010 жылдан бастап шетелден 13680 бас мал сатылып алынды. Бұл жалпы республика бойынша әкелінген мал санының үштен бірі.
Асыл тұқымды мал өсіру жұмысын ширату мақсатында 23 шаруашылық құрылып,  етті және сүтті бағытта мал шаруашылығын дамыту ісі қолға алынып отыр. Бағалы бастама  Астрахан, Ақкөл, Жақсы, Целиноград, Атбасар, Еңбекшілдер, Ерейментау, Зеренді және Егіндікөл аудандарында қолдау тапты. Нәтижесінде өңірде 18,5 мың бас малға арналған 7 мал бордақылау орындары ашылды. Мәселен, бүгінде Еңбекшілдер ауданында «KazBeef LTD»,  Қорғалжын ауданында «Агро Эксперт ЛТД» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері  көңіл толарлықтай жұмыс істеуде. Одан басқа, өңірде ірілі-ұсақты 24 мал бордақылау кешендері бар.
Мал басын көбейтуге ниет етушілер саны күн санап көбейіп келеді.  Мемлекет  мал бағамын деген азаматтарға үлкен көмек көрсетіп отыр. Осы ретте, ірі қара мал басын көбейтуге арналған «Сыбаға» бағдарламасына қатысуға ықылас білдіргендер көп. Әсіресе, Бурабай, Қорғалжын, Зеренді және Ерейментау аудандары бағдарлама көмегімен үлкен бетбұрыс жасап отыр. Ағымдағы жылы  «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы 173 несие беріп, 300-ден аса өтінішті мақұлдады. Осы бағдарламалар аясында жергілікті малды асылдандыру мәселесіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізудің арқасында  тәуір тұқымды аналық мал басы көбейді. Cандарды сөйлетсек, 2014 жылы аудандарда 46 ауылдық тұтыну кооперативі құрылып,  мал тұқымын асылдандыруға септігін тигізуде. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 50 мың басқа жетіп отыр.
Елбасының тапсырмасын орындау үшін Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілуде.  Осы ретте, өңірдегі тұрақты түрде  сүт өнімдерін өндірумен айналысатын 25 шағын және орта кәсіпорындардың маңызы зор. Қазір қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ауыл шаруашылығы басқармасы  сүтті мал  тұқымдарын өсіруді дамытуға бағытталған бағдарлама түзді. Бағдарлама жүзеге асқан сәттен бастап, қаржының жетіспеуіне қарамастан, отбасылық 28 шағын тауарлы-сүт фермасы ашылған. Бұл фермалар облыс тұрғындарын сапалы сүтпен қамтамасыз етіп отыр.
Әрине, ет пен сүттің тағамдық құнарлылығы жоғары болу үшін  жемшөп  қорының маңызы зор. Мал тұқымының генетикалық әлеуетін арттыра түсу  азықтандырумен байланысты екенін ұмытпау қажет.  Осы орайда, қазақ «Мал баққанға бітеді» деп тегін айтпаған. Ғалымдар да малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашып отыр. Сондай-ақ, табиғи жағдайдағы жемшөп қорын пайдаланып,  малды жайылымға жіберу әдісін қайта жандандыра түсуге алғашқы қадамдар жасалуда. Бүгінгі таңда облыста мал жайылымдарын сумен қамтамасыз ететін 3442  су көзі тіркелген. Оның ішінде, 637-сі ғана  іске асырылған екен. Келешекте бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында мал жайылымдарын сумен қамтамасыз ететін су  көздерін толықтай қалпына келтіру көзделіп отыр.
Өңірде  құс шаруашылығы жақсы қарқынмен даму үстінде. Құс өсірумен айналысатын жеті шаруашылық жылына  670 миллион дана жұмыртқа өндіреді. 2017 жылы Ақкөл және Бұланды аудандарында қосымша екі кәсіпорын ашу жоспарда бар. Облыстың нарықтық экономикаға өтуімен байланысты шошқа өсіру шаруашылығы тұралап қалды. Жүргізілген талдау нәтижесі, шошқа өсіру ісі жемшөп азығы мол шаруа қожалықтарында ғана тұрақты дамып келе жатқанын көрсетті.
Алдағы уақытта да азды-көпті  жетістіктерге тоқмейілсімей, мал шаруашылығында тауарлы-сүт фермаларын құру,  ірі қара мал санын көбейту, тұқымдық қасиеті нашар малдарды асылдандыру жұмысы мақсатты түрде іске асырылуы тиіс. Мемлекет әр бастаманы қолдап,  «Ырыс», «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары негізінде қаржылай көмек көрсетуге әркез дайын.

Серік ШАЙГӨЗОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
 басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар