Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Өмір өткелдері» білім ордаларында оқытылса... - АРҚА АЖАРЫ

«Өмір өткелдері» білім ордаларында оқытылса…

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты сыр-сұхбатқа құрылған жаңа кітабы жарық көрді дегенді естісімен, таныстарымнан туындының электронды нұсқасын сұрап алып, оқып шықтым. Қазақ руханияты тағы бір толымды да тағылымды мұрамен толыққанына шын қуандым. Мемлекет басшысының тағдыр талайы кеңінен суреттеліп, көшбасшылық қыры жан-жақты ашылған бұл кітап танымдық тұрғыдағы деректі көркем шығарма.

  Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық балғын шағынан бастап, бүгінгі кемеңгерлік кезеңіне дейін айшықты да шыншыл жазылған бұл шығармадан кейбір деректі үзінділерді мектептерде, орта және арнаулы, жоғары оқу орындарында тарих пәнінен оқытқан дұрыс деп ойлаймын. Шығарманы оқыған әрбір қазақстандық азаматтың туған еліне деген сүйіспеншілігі одан әрі артып, бойларында адамгершілік пен кісілік қасиеттер қалыптасып, нығая түседі. Кітаптан бала Сұлтанның  отбасындағы сыйластығы мен тәрбиесі, ата-анаға деген құрметі, адам атаулысына деген әділеттілік пен адалдығы оқырманды өзіне баурап алады.
Шығармада Елбасы «Сұлтанмахмұттың: «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен. Біреу қылды дегенді шығарамын сөзімнен»  деп айтқаны бар. Адам жақсы болсын, жаман болсын – бәрі өзінен. Өзіңнен баста. Алдыңа зор мақсат қой, арманда. Сол арманға жету үшін талмай жұмыс істе» деп көрсетеді. Жастайынан арманшыл, талапты, еркін шешім қабылдап, мақсатына жете білген Мемлекет басшысын бүгінде барша әлем мойындап, оның кемеңгерлігі мен көрегендігіне таң қалып, қызығып отырғаны белгілі. Өмір болған соң оның асуы да, сайы да, әртүрлі бұрылыстары мен бұлтарыстары да болады, барлық жерде бірдей, түп-түгел дұрыс шешім қабылдай білу де қиын. Бірақ, өмірде ешқашан адас-тырмайтын, ешқашан қателестірмейтін, әрқашан абыройға бөлейтін бір жол бары анық. Ол Елбасы айтпақшы, еңбек жолы. Бұл еңбек жолы – адам өміріндегі, қоғам өміріндегі алар орнын қалпына келтіретін жол. Ұлт Көшбасшысы өмір бойы еңбекті ту еткен адам.
Кітапта Владимир Долгихтың «Елбасының алтын бесігі» деген мақаласының үзіндісі келтіріліпті. Сонда ол: «Кезек күттірмес мәселелерді шешуіміз қажет болды. Сол сәтте комбинаттың парторгы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланған болатын. Шынымды айтсам, қазақтан мұндай батыл адам шығады деп күтпеген едім. Ол мәселені төтесінен қойды…» деп жазыпты. Расында да, баға дегеннің бағасы оны кімнің беруіне байланысты. Кезінде Кеңес Одағының ірі тұлғаларының бірі болған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған адамның мұндайлық таңдай қағуы  көп жайды аңғартады. Сол оқиғадан кейін де талай рет нақты, нық шешім қабылдап, талайларды таң қалдырған Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі мен күрмеуі қиын мәселелерді шешудегі ерік-жігерінің, көреген дипломаттығының арқасында егемен ел болып шыққан Қазақ елі бүгін отыз дамыған елдің қатарында. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейінгі тоқырау жылдарында азып-тозып кете жаздаған елден қайтадан жаңа мемлекет құру, қалыптастыру, әлемге мойындату қиынның қиыны. Бүгін біз көздеген мақсатқа жетіп отырмыз. Бұл Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Сондықтан да, бұл тағылымды туындыны әрбір қазақстандықтың оқып шыққаны абзал.
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасы
 басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар