Ерболат ақынның мерейі

 Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлытау ұлағаты – ұлт тарихы» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Оған жерлесіміз, белгілі ақын Ерболат Баятұлы да қатысты.

  Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жыр мүшәйрасында 90 ақын бақ сынас-ты. Еліміздің түкпір-түкпірі мен шет елден келген ақындар тәуелсіз елдің тарихын өлең-жырларына арқау етті.
Жыр бәйгесіне өлең, толғаулар мен поэмалар да келіп түскен. Бас жүлдені өскемендік ақын Әскерхан Ақтай жеңіп алса, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, жыр дүлдүлі Дәулеткерей Кәпұлы бірінші орын иегері атанды. Ал, екінші, үшінші орындарды белгілі ақындар Өтеген Оралбайұлы, Жанат Әскербекқызы, Абзал Бөкен, Ілияс Мұқаев, Аманжол Әлтай өзара бөлісті.  Осы орайда, жерлесіміз, белгілі ақын Ерболат Баятұлының «Баба тарих – бас-тауым» поэмасы үздіктер қатарынан орын алып, ынталандыру сыйлығына ие болғанын ерекше екпін түсіре айтқан жөн.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар