Жамағатқа дастархан жайылды

Ауызашар – Рамазан айында жайылатын басты дастархан мәзірі. Мүміннің де екі қуанышының бірі осы ауызашар кезінде болатынын білеміз. Осындай ниетті ұстанған Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев жергілікті жамағатқа арнап ауызашар берді.

Бұл шара мешіттің жаңа асханасында өтті. Оған зиялы қауым, мемлекеттік мекемелер басшылары және мешіт жамағаты қатысты. Алдымен азан шақырылып, дұға тіленді. Одан әрі ауыздарын ашқан адамдар ақшам намазын оқыды.
Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев жиналған қауымды Рамазан айының  оразасымен құттықтай келіп, елдегі бірлікті сақтауда мұсылман дінінің өкілдері де сүбелі үлес қосып отырғанын атап көрсетті.
Ауызашар соңында ауыл ақсақалдары  аудан басшысына ақ алғыстарын арнап, қызметіне табыс тіледі. Аудан имамы Әділ Мархаба құран бағыштады.
Топтаманы дайындаған
Бақыт СМАҒҰЛ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар