Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндіріс қуаты артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Өндіріс қуаты артып келеді

 Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен  Еңбекшілдер ауданы мен Степногорск қаласында болып, бірқатар өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

  Облыс əкімі ең алдымен жауапкершілігі шектеулі «Өркен» серіктестігінің жұмыс қарқынына назар аударды. Темір рудасын өндірумен айналысатын кəсіпорынның жылдық қуаты 2,4 миллион тоннаны құрайды. Серіктестік ағымдағы жылдың басынан 236,6 тонна өнім шығарған. Ал, 2009 жылы ашылған «Семізбай-U» серіктестігі жылына 500 тонна уран өңдейді. Сергей Кулагин кəсіпорындардың өнімділігін саралап, жұмысшылардың санын қысқартпай, еңбекақыны уақытылы төлеп отыруды тапсырды. Ақмола облысындағы ірі индус-триялы орталықтардың бірі – Степногорск қаласы. Сонымен бірге, оның еліміздегі моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасына енуі қаланың әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік туғызуда. Оған қоса, өндіріс ошақтарының жұмысы жақсы жолға қойылған.
Елімізде теңдесі жоқ теміржол мойынтіректерін шығарумен айналысатын «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамы заманмен бірге дамып келе жатқан ірі өндіріс орны. Кəсіпорынның басшысы Анатолий Томиловтың сөзіне жүгінсек, бұл үшін  ағымдағы жылы «ЕПК-Мәскеу» зауытынан 270 арнайы құрылғылар жеткізілген. Мұнда 200 түрлі мойынтірек шығарылады. Сондай-ақ, зауытта барлық үдерістерді жіті бақылау мақсатында IRIS теміржол стандартын енгізу үшін бірқатар жұмыстар қолға алынған. Алайда, өткен жылмен салыстырғанда 2015 жылы шығаруға жоспарланған өнім саны күрт азайып отыр. Себебі, ресейлік вагон жасайтын зауыттар тапсырыс көлемін төмендетіпті.
Бұдан кейін облыс әкімі  жауапкершілігі шектеулі «Степногорск ЖЭС» серіктестігінде болып, оның жұмысын бақылады. Кәсіпорында 653 адам еңбек етеді. Сағатына 1002 Гкал жылумен қамтамасыз ететін нысанда 6 қазандық бар. Оның ішінде біреуі жөндеуден өткізілуде. Тұрғындар 207 миллион теңге қарыз болған соң күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қиынға соғуда. Облыс басшысы қыркүйектің он бесінші жұлдызында жылу электр станциясы жаңа маусымға сақадай сай болу қажеттігін шегелеп айтты. Əрі барлық айтылған сын-ескертпелер тез арада шешімін тауып, берілген уақытты тиімді пайдалану керектігі де сөз болды.
Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында өткен жалпыұлттық телекөпір барысында тұсауы кесілген Степногорск күкірт қышқылы зауытының ел экономикасы үшін маңызы зор. Жылына 180 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын өндіріс ошағының жобалық құны 13,1 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорында күкірт өңделіп, «Қазатомпром» Ұлттық компаниясының қажеттілігі қанағаттандырылмақ. Осы ретте, күкірт қазіргі заманғы технологиялармен өңделетінін атап өту қажет. Әрі еліміздің Индустрияландыру картасына енген жоба 184 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Таяу келешекте кәсіпорын басшылығы жұмысшылардың санын 219 адамға дейін жеткізбекші. Зауыт шілденің 25-інде толыққанды іске қосылады деп жоспарлануда.
– Бұл кəсіпорында қыруар жұмыс атқарылды. Оған қоса, бірқатар азаматтар жұмыспен қамтылатыны белгілі. Сол себепті, межеленген уақытта айтылған мəселенің бəрі орындалуы тиіс, – деді облыс əкімі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар