Өткен сенбі күні футболдан Премьер-Лигада сынға түсіп жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» «Таразды» қабылдады.
Матчты әдеттегідей, жанкүйер қауыммен бірге облыс әкімі Сергей Кулагин тамашалады. Ойын басталысымен-ақ, екі команда да алма-кезек шабуылға шығып қақпаларға қауіп төндірумен болды. Тараздық ойыншы Санат Жұмақанов бірнеше рет доп соғуға ұмтылғанымен, нәтиже шығара алмады. 38-інші минутта оқжетпестіктер есеп ашты. Лука Роткович тепкен айып добы қарсыластар қақпасында шыр айналып жатты. Ойынның екінші жартысында екі командыда да ойыншылар ауыстырылды. Алаңға біздің команданың ойыншылары Михаил Смейкал, Руслан Сақалбаев пен Сергей Гридин шықты. Осы жолы «Оқжетпес» командасының капитаны Әлібек Бөлешовтың бірнеше мәрте шабуылы нәтижесіз болса да, матчтың 85-інші минутында Сергей Гридин алаң иелерін алға шығарды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.