Өрттің алдын алу – өзекті мәселе

«Ақмола Медиа Орталығында» облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы, өртке қарсы қызмет полковнигі Арман Әбдіқалықовтың қатысуымен брифинг болып өтті.

Кездесуде төтенше жағдайлар қызметі мен орман шаруашылығымен айналысатын мекемелердің биылғы өрт қаупі мол кезеңге дайындықтары жайлы айтылды. Өрттің пайда болуына көп жағдайларда адами фактор әсер етеді. Сол себепті, табиғат аясына шыққанда белгіленбеген жерде бей-берекет от жағып, жанғыш заттарды қалдырмаған жөн. Керісінше жағдайда, кінәлі тұлғаларға он тоғыз мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
Үстіміздегі жылы облысымыздың орманды алқаптарында он бір өрт оқиғасы орын алып, мемлекетке 117 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төмен болғанымен, тамыз, қыркүйек айларында әлі қауіпті кезең тосып тұрғанын ұмытпауымыз керек. Ол биыл егістік алқаптарда құрғақ шөптер көп болып, есесіне, өрттің белең алу қаупін тудыратынын еске салды. Сондықтан, қазір босаңситын уақыт емес. Төтенше жайдайдың алдын алу шараларына осы іске жауапты мамандармен қатар, тұрғындар да көмек қолын созса игі болар еді.
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар