Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағалы басылымға – 95 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Бағалы басылымға – 95 жыл

 Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Көкшетау қалалық «Степной маяк» газетінің ұжымымен жүздесіп, басылымның 95 жылдық мерейтойымен  құттықтады.

  Алдымен облыс әкімінің құттықтауын жеткізген Нұрлан Нұркенов ұжымның қарым-қабілетіне айрықша тоқталды. Басылымның бет-бейнесіне, идеялық, көркемдік ажары, мазмұнына оң баға берді.
–Ақпарат айдынында қалалық басылымдардың алатын орны ерекше. Осы орайда, 95 жылдық тарихы бар қалалық «Степной маяк» газеті ұжымының қарымды еңбегі атап өтуге тұрарлық. Айтары мол, жазары көп. Баспасөз біле білген адамға өте ауыр да, қиын, жауапкершілігі мол сала. Сіздер шынайылықпен, жеделділікпен, алғырлықпен алдыңғы қатардасыздар. Ғасырға жуық тарихы бар басылым журналистер үшін ширау, шынығу мектебі. Бұл тарихта қалатын оқиға. Біздің өңірде дәл осы басылымның болғанына қуаныштымыз, – дей келе Нұрлан Нұркенов ұжымға шығармашылық табыс тілеп, сый-құрмет көрсетті.
 Өз кезегінде аталмыш газеттің бас редакторы Қарлыға Мұқатаева әрқашан қөмек, қолдау көрсететін басшылыққа ризашылығын жеткізіп, алдағы уақытта да басылым тың серпіліспен жұмыс істейтініне сенім білдірді.  Ал, аға журналистер атынан сөз алған Балталы Сәрсенбаев облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновке Қазақстан Журналистер одағының Ақмола облыстық филиалының жұмысын жандандырып, ұйымды қамқорлығына алуды өтінді.
Кездесу соңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев те өздерінің ақжарма тілектерін жеткізіп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Ақмарал ЖАНҒАЛИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар