Жобаға қатысуға шақырамыз

Елімізде тұрғындардың жаппай жұмыспен қамтамасыз етілуі көкейкесті мәселе. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр Жолдауында осы жәйтті назардан тыс қалдырмай, жауапты тұлғаларға міндет жүктейді. Сондай-ақ, бұл мәселені шешуде мемлекеттік бағдарламалардың рөлі зор.

Соның бірі «Өрлеу» бағдарламасы болып табылады. Жобаның мақсаты  азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ете отыра, тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың қатарын азайту. Осы ретте, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қайта оқыту немесе өз ісін ұйымдастыру жағдайларын қарастырған. Бұл өз кезегінде тұрмысы төмен отбасыларға кәсіп ашып, оның нәсібін көруге қолайласады.
Жоба толыққанды жүзеге  асу үшін қосымша мамандар кіріктіріліп, әлеуметтік көмек көрсету жұмысы жақсы жолға қойылған. Біздің облысымызда 40-қа жуық  маман жұмыс істеп, аудандық, қалалық деңгейде мекемелер  толық жасақталған. Ағымдағы жылы бағдарламаға  509 отбасы қатысты. Мұнда шартты ақшалай көмек бір айдағы жан басына шаққандағы орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі алпыс пайыздан төмен отбасыларға төленді.
Жобаға қатысу үшін үміткер өз атынан немесе отбасы атынан тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  немесе қажетті құжаттарды селолық округ әкіміне тапсыру қажет.

 Шолпан РАХМАТУЛЛИНА,
облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік  бағдарламаларды үйлестіру басқармасы  басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар