Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаскөйлердің жолы кесілмей тұр - АРҚА АЖАРЫ

Қаскөйлердің жолы кесілмей тұр

Ауданымызда  браконьерлік  оқиғалар тыйылар емес. Тіпті, браконьерлердің саны күн сайын артып, олар заңға бағынбай   Салин артемиясы шаяндарының жұмыртқаларын (циста) жаз, күз бойы тасымалдаумен айналысуда. Басбұзарларды құрықтауға кей кездері табиғат қорғау инспекторларының  да қауқары жете бермейді.

Мысалға алар болсақ, өткен жылдың ішінде табиғат қорғау прокуратурасымен  26 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде, 6 қылмыстық іс бойынша  сот 9 адамға қатысты үкім шығарды. Ағымдағы жылы  бұл бағытта нақты нәтижелер беруге бағытталған іс-шаралар жүргізу қолға алынып отыр. Салин артемиясының  жұмыртқаларын заңсыз алу фактілерінің алдын алу мақсатында аудандық құқық қорғау және табиғат қорғау  мекемелері  «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы  аумағының күзет тәртібін бұзу және қаскөйлермен күресу үшін шаралар жос-пары  бекітілді. Ол бойынша күнделікті жұмыстар атқарылып келеді.
Алайда,  бұл іс-әрекеттердің кемшіліктері де жетерлік. Себебі, қорықтың Теңіз көлі жағалауына Салин артемиясы шаяндарының жұмыртқаларын жинауға келетін браконьерлер қапысыз дайындалады. Олар қазіргі заманғы байланыс құралдарымен қаруланған. Әрі пайдаланатын техникасы мен құрал-жабдықтарын қорықшылардыкімен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Осылайша, браконьерлер азайған цистаны одан әрі азайта түсуде.
Олардың жолын кесетін тиісті заңдар да өте осал. Сол заңдардың осалдығын білетін браконьерлер айласын асырып, жазадан оп-оңай құтылып кететін жағдайлар көптеп кездеседі. Осы орайда, ағымдағы жылдың мамыр айында «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы тарапынан  облыстық мәслихаттың депутаттық әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі, экология және  табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясының кезекті отырысында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде (Балық ресурс-тарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу)  браконьерлік үшін жазаны күшейту туралы ұсыныс жолданды. Ал, өз кезегінде Салин артемиясы шаяндарының жұмыртқаларын саудалап, қалтасын қалыңдатқан қаскөйлер оңай олжадан бас тартатын емес.

Болат БАЛМАҒАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
 «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет қызметі бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар