Ақмола облысы делегациясы Алматы қаласында өткен 15-ші қазақстандық Халықаралық «Туризм және саяхат» KITF-2015 көрмесіне қатысты.
Шараға Алматы мен Астана қалаларын қосқанда, 16 аймақтық туризм басқармалары қатысып, жұртшылық назарына өз стендтерін ұсынды. Одан басқа 39 мемлекеттен келген 500-ге жуық адам елдеріндегі әйгілі демалыс және тарихи орындарының басты ерекшеліктерін паш етті. Мұнда Индия, Испания, Италия, Қытай, Корея, Қырғызстан мемлекеттері белсенділік танытты.
Көрмеде отандық және шетелдік туристік компаниялармен 400-ден аса келісім-шартқа қол қойылды. Шара қорытындысында мазмұнды стенд ұйымдастырғаны үшін облыстық делегация көрменің бас жүлдесі «Платина апорты» мен «ITECA» халықаралық компаниясының сертификатымен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.