Туристік мүмкіндіктерді көрсетті

 Ақмола облысы делегациясы Алматы қаласында өткен 15-ші қазақстандық Халықаралық «Туризм және саяхат»  KITF-2015  көрмесіне қатысты.

  Шараға Алматы мен Астана қалаларын қосқанда, 16 аймақтық туризм басқармалары қатысып, жұртшылық назарына өз стендтерін ұсынды. Одан басқа 39 мемлекеттен келген 500-ге жуық  адам елдеріндегі әйгілі демалыс және тарихи орындарының басты ерекшеліктерін паш етті. Мұнда Индия, Испания, Италия, Қытай, Корея, Қырғызстан мемлекеттері белсенділік танытты.
Көрмеде отандық және шетелдік туристік компаниялармен 400-ден аса келісім-шартқа қол қойылды. Шара қорытындысында мазмұнды стенд ұйымдастырғаны үшін облыстық  делегация көрменің бас жүлдесі «Платина апорты» мен «ITECA» халықаралық компаниясының   сертификатымен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар