«Ақ бидай – 2015» аудандық спартакиадасы Астрахан ауданында да көрініс тапты.
Спорттық шара орталық стадиондағы салтанатты шеруден басталып, жиналған қауым алдында аудандық мәслихаттың хатшысы В.Собеский құттықтау сөз сөйледі. Ол жарыс қатысушыларына сәт-сапар тілеп, Қазақстан Республикасының чемпионы, кір көтеру спортынан Еуропаның күміс жүлдегері Меруерт Сүлейменоваға аудан әкімінің атынан сыйлық табыс етті. Спартакиада алауын жағу құрметі де осы спортшы қызға бұйырды.
Он төрт селолық округтен спортшылар қатысқан игі шара аясында спорттың футбол, волейбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, шахмат сынды түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.