Қазақ хандығының ежелгі мөрлері

Қазақ хандығының  құрылу  тарихы,  қазақтың хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары туралы бүгінде кез келген білім ордаларында кеңінен насихатталуда. Бір тудың астына жиналып, елін қорғаған ата-бабаның бүгінгі ұрпақтары, яғни, менің құрдастарымның да Отанымыздың тарихын білгендері абзал деп ойлаймын. Сондықтан, мен бүгін тарихымыздың құнды мұраларының  бірі – мөр туралы сөз қозғамақшымын.

Бұл тақырып маған өте қызықты. Қазақ тарихында қандай мөрлердің болғандығы кім-кімнің де қызығушылығын тудырады деп ойлаймын. Осы орайда, мен тарихи деректерге үңіліп, осы мөрдің еліміздің болашағы үшін қаншалықты маңызды болғандығы туралы зерттедім.
Қазақ хандығы құрылғаннан кейін мемлекеттік саяси қызметтер жүзеге асырыла бастады. Бұл тұста хандардың, билеушілердің, ақсүйектердің лауазымдары мен мемлекеттің нышанын білдіретін мөрлер пайда бола бастады. Әрбір билеушінің өзінің жеке мөрі болыпты. Хандар билік еткен кезде мөрлерді жасауда арнайы стандарттары болған екен. Олар көбінесе тамшы пішінді, ал олардың басы үшкір жақты күміс жүзіктер еді. Бетіндегі араб тілінде жазылған жазулар оның иесінің есімі мен атағын, әкесінің аты мен лауазымын білдіріпті. ХVІІІ ғасырдан бері қазақ ақсүйектерінің мөрлері таза күмістен жасала бастаған, тас пен  алтынды қолдану өте сирек кездесіпті. Хан, сұлтандардың мөрлері тек тамшы тәріздес болса, би, старшындардың мөрлерінің пішіні дөңгелек, сопақ, төрт бұрышты болған және аса көп өрнектермен безендірілмеген.  Мысалы, Әбілқайыр ханның Ресей өкіметіне жазған 56 түпнұсқа хаттарында: «Абул-л–Хайр-бахадур-хан Хаджи-сұлтан» деген жазуы бар мөр басылыпты. Сол сияқты Жәңгір ханның мөріндегі «Джахангир-хан ибн Букай-хан» деген жазу патша өкіметінің Жәңгірді Ішкі орда ханы деп ресми танылған өз атағымен, оның Бөкей хандығының ұрпағы екендігінен хабардар етеді.
Осы мөр арқылы мемлекетіміздің мәселелері шешілген. Қазақтың іргесі қаланған тұстағы құжаттарға хан-сұлтандар мөрлерін басып отырған.
Мөрдің тарихымен таныса отырып, мен ұлтымыздың тарихын құрметтеудің маңыздылығын түсіндім. Осы орайда, құрбы-құрдастарыма ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен еліміздің тарихын санамызға сіңіріп өсейік дегім келеді. Өйткені, еліміздің ертеңі – бізбіз.
Тарихты тану, сақтау, құрметтеу  біздің
қолымызда.

Нұргүл БЕРКІНБАЙ,
Көкшетау қаласындағы  № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар