Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірқатар ауылдар мен көше атаулары өзгертіледі - АРҚА АЖАРЫ

Бірқатар ауылдар мен көше атаулары өзгертіледі

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен өткен облыстық ономастика комиссиясының отырысында ауылдық округтер мен ауылдардың, көшелер мен нысандардың атауларын қайта атау және атау беру мәселелері қарастырылды.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарынан бас-тап республикада атауларды беру мен олларды ауыстыру бойынша ономастикалық жұмыстарды жүргізуге уақытша тоқтам жарияланған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың 16 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес, Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Кеңес Одағының батырларына және бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, нысандарға беруді тоқтамнан тыс жүргізуге рұқсат етілген. Осы орайда, облыстың аудандарынан ономастика комиссиясында қарастыру үшін 33 ұсыныс түсіпті. Кешегі өткен комиссия отырысында оның 14-і қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов отырысты ашпас бұрын, облыстық ономастика комиссиясының бұрынғы мүшесі Моисей Чженнің қайтыс болуына байланысты оның орнына тағайындалған Наталья Дементьеваны жиналғандарға таныстырды. Бұдан әрі облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин Атбасар, Ерейментау, Қорғалжын және Целиноград аудандарының елді мекендері мен көшелеріне атау беру мәселелері бойынша келіп түскен ұсыныстарға тоқталып, ұсынылған атаулар мен елді мекендердің бүгінгі жағдайы жөнінде мәлімет беріп өтті. Жеткізілген ақпараттар негізінде комиссия мүшелері аталмыш аудандардың өкілдерінен қосымша мәліметтер алып, олардың ой-пікірлерін ескерді.
Атбасар ауданы бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде Орталық майданда 61 армияның 76-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамындағы 234-гвардиялық полкінің пулеметшілер бөлімшесінің командирі болған, Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрмановтың есімін Октябрь ауылдық округі мен Октябрь ауылына, аталмыш ауылдың №7 көшесіне, Қосбармақ ауылының
№2 көшесіне және Атбасар қаласының
№8 орта мектебіне беру жөнінде мәселелер қызу талқыланды. Себебі, Қазақстан Республикасының «Ономастика туралы» Заңына сүйенетін болсақ, бір адамның есімі республика бойынша 5 нысанға, облыс бойынша 3 нысанға ғана берілуі тиіс. Оның үстіне Атбасар қаласындағы ең ұзын көшелерінің бірі бұрыннан бері Ақан Құрмановтың атында екен. Ұзақ талқылаудан кейін комиссия мүшелерінің дауысқа салуы нәтижесінде мыңға жуық халқы бар Октябрь ауылдық округі мен Октябрь ауылына Ақан Құрмановтың есімін беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ұсыныста көрсетілгендей Октябрь ауылының №4 көшесіне Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаты болған, «Ленин», «Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Иван Лихобабаның, Тельман ауылының №2 көшесіне Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімдері берілсін деген шешім шығарылды.
Бұдан әрі Қорғалжын ауданы бо-йынша жолданған ұсыныс талқыға салынды. Мұнда Қорғалжын ауылындағы 600 орынға шақталған Дружба орта мектебін Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Ақтан Төлеубаевтың есімімен атау мәселесі қарастырылып, комиссия мүшелері бірауыздан ауыстырған дұрыс деген шешім қабылдады.
Ерейментау ауданы бойынша Ерейментау қаласындағы В.Куйбышев атындағы көше Ұлы Отан соғысының ардагері Әлихан Барлыбаев атына ауыстырылса, Еркіншілік ауылындағы С.Киров көшесі майдангер Сағат Жәкішұлы көшесіне, В.Ленин көшесі Жүніс Хамзеұлы көшесіне және Больничная көшесі Құлыш Досмағамбетұлы көшесіне ауыстырылсын деген шешім қабылданды.
Комиссия отырысында бұдан кейін Астана қаласының іргесінде орналасқан Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы Набережная және Центральная атты екі көшені Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерімен атау жөніндегі мәселе қаралды. Ауылдық әкімдік атынан қатысқан маман ауыл халқы мен жағдайын, тұрғындардың бірауыздан аталмыш екі көшенің біріне осы Қосшы ауылында дүниеге келген майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагері Айтмағамбет Есмағамбетұлының есімін, екіншісіне қазақтан шыққан алғашқы генерал Сабыр Рақымовтың есімін беруді сұрап отырғандықтарын жеткізді. Комиссия мүшелері де бұл ұсыныстарды қолдап, қайта атау жөнінде шешім шығарды.
Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов алдағы уақытта да облысымыздың басқа да аудандары бойынша осындай ономастикалық комиссия отырыстары болатындығы жөнінде хабардар етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар