Еңбек адамы

Әсет Сапаров мектепті тәмамдаған соң құрылысшы болуды армандады.

Мүмкін, оған сол жылдары облыс орталығында бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің көптеп бой көтергені әсер еткен болар. Сөйтіп, ол өткен жылы жауапкершілігі шектеулі «Инсект» серіктестігіне тас қалаушы болып жұмысқа орналасты. Алғашында  тәжірибелі құрылысшылардан мамандығының қыры мен сырын үйренді. Одан бері құрыш қолды құрылысшының қолтаңбасы бірнеше жаңа ғимараттың қабырғасында қалды. Аталмыш серіктестік «Васильковка» шағын ауданының солтүстік тұсындағы өрт депосы кешенінің құрылысын жүргізуде. Қазір ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғалары қалануда. Жас тас қалаушы өзінің күндік нормасын асыра орындауды дәстүрге айналдырған.

Суретте: тас қалаушы Әсет Сапаров.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар