Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға өнеге болатын еңбек - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға өнеге болатын еңбек

Жуырда жарық көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» еңбегімен танысып, ерекше әсерленіп отырған жайым бар. Неге десеңіз,  сұхбат түрінде жазылған бұл кітап алғашқы беттен-ақ өзінің асыра мақтаусыз, даурықпа сөзсіз шынайылығымен баурап алады.

Өткір, тосын, нақты, дәл  қойылған сұрақтар, оған қайтарылған ұтымды жауаптар. Бұл еңбекті оқи отырып мен бұрыннан өмір жолын жақсы білемін деп санайтын Көшбасшымды қайта  тани бастағандаймын, еңбекте оның жаңа қырлары ашылды. Отбасы туралы көбірек мағлұмат ала алдым.  Мәселен, шекара, теңіз мәселелерін шешудегі Елбасының көрегенділігі, астарлы әзілмен үлкен саясаттағы  кірпияз мәселелерді шеше білуі тапқырлық емей немене?
Ұлт Көшбасшысы жақсы оқып, тынбай еңбектенген адамның жерде қалмайтынын, әйтеуір бір биіктен көрінерін айтып, жұртты Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына шақырып келеді. Бұл оның өзгелерге ақылгөйсіп көріну үшін жасаған айла-тәсілі емес. Кітапты оқып шықсаңыз осыған айқын көз жеткізесіз. Ол – өзі еңбекпен ысылған, қарапайым жұмысшыдан Президент деңгейіне көтерілген нағыз еңбекқор адамның сөзі. Тек бойдағы дарыны мен өз ісіне деген шексіз махаббаты ұштасқан адам ғана биік шыңдарды бағындыра алады. Елбасымыздың елді өркендету үшін жасаған 100 нақты қадамының көздегені де – осы. Тынымсыз еңбекпен мемлекетімізді әлі де таңданарлық табыстарға жеткізу.  Бұл ұстанымның бәрінен бұрын кейінгі буын үшін ауадай қажет екендігі анық.  Ұрпағымызды жаңа қазақстандық патриотизмге, сол елінің игілігі жолында аянбай тер төгуге тәрбиелейміз десек,  «Өмір өткелдері» сияқты құнды дүниелерді көбірек насихаттауға тиіспіз. Көзбен көргеніне ғана сенетін жеткіншектерге бұл таптырмас құрал.
Президенттің Арқа төсінен Астанадай ару қала тұрғызғаны,  бұл жолда қандай қиындықты бастан өткергені қазір де мемлекет мүддесі  үшін аянбай келе жатқандығы бәрі көз алдымызда. Елімізде қазір де азаматтардың еркін өмір сүруіне, қалаған кәсібінің тізгінін ұстап, сол жолда үлкен жетістіктерге жетуіне еш кедергі жоқ. Мен де  кәсіпкерлікпен айналысып,  бай-қуатты қоғамның қалыптасуына, халықтың әл-ауқатының артуына өз үлесімді қоссам ба деп жүрген жанның бірімін. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқандығым, балаларым мен немерелерімнің келешегіне алаңдамайтыным қуантады. Кітапты оқып, тағы бір рет осының барлығына шүкіршілік еткендеймін.

Елена МАЩИНСКАЯ,
Ақмола облыстық мәслихатының
депутаты, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар