Нұргүл – үздік оқытушы

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушылар арасында «Тіл мерейі» облыстық  байқауын өткізді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген «Тіл мерейі» облыстық байқауына Атбасар, Бурабай, Есіл, Ерейментау, Жарқайың, Сандықтау аудандары мен Степногорск қаласының тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Екі кезең бойынша ұйымдастырылған аталмыш байқаудың мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагог мамандардың ішінен талантты, жұмыс барысында шығармашылықпен көп  ізденетін ұстаздарды анықтау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және тәжірибелерімен бөлісу. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін оқыту үдерісінің мониторингін жоғарылату, қазақ тілі оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуге ынталандыру іс-шараның басты міндеттері болып табылады.
Байқау шарты бойынша алғашқы кезеңде оқытушы мамандар жылдар бойы жинақтаған тәжірибелерін кітапша немесе нұсқаулықтар түрінде көрсетуі тиіс болды. Бұл сыннан сүрінбей өткен бес қатысушы екінші кезеңде өздерінің сабақ өткізу шеберліктерін ортаға салды. Сайысқа қатысушылардың шеберліктеріне облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Қаратай Төлекеев бастаған қазылар алқасы төрелік етті.  
Сонымен, байқау қорытындысы бо-
йынша Бурабай аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұргүл Әбленова бірінші орынға ие болды. Жүлделі екінші және үшінші орындарды Есіл және Ерейментау аудандарынан келген Анар Кекенова мен Анар Хасенова өзара бөлісті. Сондай-ақ, байқауға қатысқан басқа да үміткерлер ұйымдастыру алқасының ынталандыру сыйлықтарымен  марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар