Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
OTAU төріңіздің сәні - АРҚА АЖАРЫ

OTAU төріңіздің сәні

Бүгінгі таңда «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі абоненттерінің саны 914 мыңнан асты, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының өкілдері.

  Яғни, 3,6 миллион қазақстандық отандық және шетелдік телеарналарды сандық сапада тамашалауда деген сөз. Оның 60 496 отбасы Ақмола облысының үлесінде, демек «OTAU TV»  қызметін өңіріміздің 608 елді мекені пайдаланады деген сөз. Жерсеріктік телехабар тарату жобасын енгізген алғашқы жылдары «OTAU  TV»  әсіресе, ауыл тұрғындарының арасында сұранысқа ие болды, олардың үлесі 2011-2012 жылдары 90 пайыздан асқан болатын. Өйткені, қалаларда кабельдік және эфирлік аналогтық телехабар тарату желілері жақсы дамыған, ал, ауыл тұрғындары ол кезде ары кетсе 4 телеарнаны ғана тамашалай алатын. Осыған байланысты жобаның мақсаты – қала мен ауыл тұрғындарының арасында ақпараттық теңсіздікті азайту болатын. Ал, енді бұл мақсат орындалған соң «OTAU TV»  қала тұрғындарының арасында да танымалдыққа ие бола бастады. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда қалалық абоненттер үлесі 10 пайыздан 40 пайызға дейін өскен. Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісінің өзге операторлармен салыстырғандағы басты артықшылықтары – телебағдарламалардың тегін топтамасы мен желіге республикамыздың кез келген нүктесінен қосылу мүмкіндігі.     
Қазақстанда жерсеріктік телехабар тарату желісі 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен қосылған болатын. Ал, 2011 жылдың қаңтар айында Қазақстанның жерсеріктік желісі хабар таратудың DVB-S2, MPEG-4 сандық стандартына көшіп, «OTAU TV» деген сауда белгісімен іске қосылды. Жаңа стандартқа көшкен кезде абоненттер саны 6300-ді құраған, содан бері бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді, қазір 1 миллионға жақындап та қалды. Жоба халыққа отандық телерадиоарналарды сандық сапа мен бейнеде көруге мүмкіндік берді.  Айта кетерлік жайт, желі іске қосылғаннан бері «Базалық» тегін топтамасының құрамындағы арналар саны 38 теле және 7 радио арнадан 40 теле және 14 радиоарнаға дейін артты. Осындай қысқа мерзім ішінде «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы бірқатар міндеттерді атқарды. 2012 жылдың шілдесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен сандық эфирлік телехабар тарату желісі іске қосылды. Бүгінгі таңда республика халқының 72 пайызының сандық эфирлік желіге қосылуға мүмкіндігі бар, ал бұл 12 миллион Қазақстан тұрғыны.
2014 жылдың шілде айында Индуст-рияландыру күні аясында Қазақстан Рес-публикасы Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы «GALAM TV Ұлттық интернет-телевизиясы» және «Телегазет» атты екі инновациялық жобаны таныстырды.  Ұлттық жерсеріктік телехабар таралым клиенттеріне ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ, бәсекелестік орта тудыру мақсатында қабылдағыш қондырғыны сатып, монтаждау және қызмет көрсету жұмыстарын шағын және орта бизнес өкілдерінен тұратын дилерлік ұйымдар атқаруда. Олардың саны қазір 400-ден асты. Сонымен қатар, халық және дилерлермен тиімді жұмыс істеу үшін Ақпараттық қолдау көрсету қызметі (Call-centre) 193 телефоны  арқылы үзіліс пен демалыссыз  жұмыс істейді. Және барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында
сату орталықтарының жұмысы жолға қойылған.
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы өз абоненттерін түрлі акция, ұтыс ойындарымен үнемі ынталандырып тұрады. Нәтижесінде тұрғындар «OTAU TV»-ден түрлі құнды сыйлықтар мен естелік кәделерден құр қол қалған емес. Мәселен, ағымдағы жылдың көктемінде «OTAU TV»-мен Наурыз тойла!» акциясының нәтижесі бойынша, астаналық абонент Мәриям Юсупова күтпеген жерден екі адамға Гоа аралына жолдама ұтып алды. Елорданың тағы бір тұрғыны Перуза Әбдумәжитова мен Жамбыл облысы Бектөбе ауылының тұрғыны Әбдіразақ Жолшыбеков заманауи теледидарға ие болды. Бұдан өзге 55 абонентке естелік сыйлықтар мен кәделер тапсырылды. Алдыңғы акцияны қорытындылап бола салысымен, Қазтелерадио келесі шараны бастады. Яғни, 2015 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында төлем карталары арқылы «OTAU TV»-ге қосылған абоненттер көрсетілімнің қосымша айларын тегін алады. Мысалы, «Элит» топтамасына 6 айға қосылған абонент қосымша 1 ай бонустық көрсетілім иеленсе, 12 айлық қосылу картасын сатып алған тұрғын «Элит» топтамасын қосымша 3 ай тегін көретін болады. «OTAU TV» желісіне қатысты сұрақтарыңыз болса «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы Ақмола облысындағы сату орталығына Есенберлин к-сі, 38/1,
8 (7162-40-15-51) тел. хабарласа аласыздар.

Винер АРЫСЛАНБЕКОВ,
облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар