Лауазымынан босатылды

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 39-шы сессиясы өтіп, онда облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымнан босату мәселесі қаралды.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Қадырхан Отаров облыс әкімінің атынан Нина Сергеевнаға жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, одан әрі табыстар тіледі.
Облыстық мәслихат депутаттары С.Елубаев, И.Жанғоразов, Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Г.Көпеева барлық депутаттық корпус атынан облыстық мәслихаттың экс-хатшысына бірлесіп жұмыс істегені және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Еске сала кетейік, Нина Дьячек 2012 жылғы қаңтарда Ақмола облысының өкілетті биліктің бірінші тұлғасы болып сайланды, сайланғанға дейін ол Халық банкінің Атбасар аудандық филиалының басқарушысы лауазымын атқарды.
Ақмола облыстық мәслихатын басқара отырып, ол өкілетті органның жұмысын ұйымдастыра білді. Әр мәселені егжей-тегжейлі анықтай отыра, проблемалардың анық-қанығына жетіп, оларды шешуде ұжыммен бір пікірге келуге тиісінше көңіл аудара білді.
Бір айта кетерлігі, Нина Дьячек Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып қала береді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар