Қосымша құн салығы субсидияланады

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қосымша құн салығы шегінде бюджетке төленген қосымша құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларының тетіктерімен таныстырды.

Алдымен, вице-министр Ермек Көшербаев Зеренді ауданының Садовое селосындағы жауапкершілігі шектеулі «Milk Рroject» серіктестігінің сүт зауытында болып, жұмыс барысымен таныс-ты. Серіктестік құрылтайшысы Валерий Маначинскийдің айтуынша, зауыт тәулігіне 50-55 тонна сүт өңдейді. Өнімнің он бес түрі елімізде сатылады. Апта сайын 40-60 тонна сүт Ресейге экспортқа жіберіледі. Қазір мұнда  алпысқа жуық адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы 120 мың теңгені құрайды. Кәсіпорын өндірістік қуатын арттыруды және йогурт пен шоколадты май шығаруды межелеп отыр.
Кеңесте вице-министр 2014 жылғы 28 қарашада Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бо-йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойғанын, онда қайта өңдеу кәсіпорындары және дайындаушы ұйымдардың «бірінші қосымша құн салығы» мәселесін шешу мақсатында, мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа түрі – агроөндірістік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға қосымша құн салығы сомасын субсидиялау енгізілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта қайта өңдеу кәсіпорындары және дайындаушы ұйымдар қосымша құн салығын толық айналымнан төлейді, себебі шикізатты қосымша құн салығын төлеуші болып табылмайтын жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарынан сатып алады. Бұл қайта өңдеушілер мен дайындаушылардың соңғы өнімінің қымбаттауына әкеп соғады, тиісінше олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан, алғашында аталған агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қосымша құн салығын төлеуден босату немесе оны төмендетілген мөлшерде салу ұсынылған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосымша құн салығы шегінде бюджетке төленген қосымша құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары әзірленіп, бекітілді. Қағидаларға сәйкес, агроөнеркәсіп кешені саласындағы дайындаушы ұйымдар, яғни заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратындар бұрынғыдай қосымша құн салығын жалпыға бірдей тәртіппен төлейді. Бұл ретте, дайындау-
шы ұйыммен бюджетке төленген қосымша құн салығының сомасы субсидия түрінде қайтарылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен табысы күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құраған шақта.
Дайындаушы ұйымдар есептелген қосымша құн салығы шегінде қосымша құн салығы бойынша субсидиялауды алу үшін, жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуден өту керек, ол үшін өтініммен облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларына есепке қою үшін бару қажет. Агроөндірістік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу тек субсидия алу үшін қажет және басқа қызметте міндетті қалып емес болып табылады. Қосымша құн салығы сомасын субсидиялауды алу үшін агроөндірістік кешен саласындағы аккредиттелген да-йындаушы ұйымдар ауыл шаруашылығы басқармаларына жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін өтінім береді. Субсидиялар жергілікті атқарушы органдары арқылы берілетін болады. Бұл ретте, аталған бағдарлама аясында субсидиялар 2016 жылдан бастап төленеді, сонымен қатар, қазіргі уақытта ірі қайта өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы бизнес қызықтыратындар дайындаушы ұйымдарды құрып, аккредиттеуден өтіп және аталған бағдарлама аясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылы субсидия алу мақсатында жұмысты бастауға болады.
Кеңес соңында вице-министр Ермек Көшербаев пен Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының міндетін атқарушы Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сауалдарына тұшымды жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар